| Ирина Қайратовна | |
| Жанры | рэп |
|---|---|
| Белсенділік жылдары | 2017 — қаз. уақыт |
| Мемлекет |
|
| Қайдан | Астана |
| Өлеңдерінің тілдері | қазақша, орысша |
| Топ құрамы | Қуаныш Бейсеков, Алдияр Жапарханов, Азамат Маркленов, Жасұлан Оңғаров, Илья Гуменный |
| https://irinakairatovna.com/ | |
Ирина Қайратовна (Қайратқызы) — музыкалық және әзіл-сықақ мазмұнды контент шығаратын қазақстандық шығармашылық бірлестігі.
Тарихы
Топтың құрамы ЕҰУ-де КВН-де студенттік жылдарында жиналды: топ құрамына Қуаныш Бейсеков (режиссер), Алдияр Жапарханов (әзілдер авторы), Азамат Маркленов (продюсер), Жасұлан Оңғаров, Илья Гуменный (композитор) кіреді.
Шығармашылық бірлестіктің тарихы 2017 жылдың 19 мамырында Instagram желісінде вайндар мен скетчтерді жасаудан басталды. Кейінірек олар YouTube-ке ауысып, сол жерде «Ирина Қайратовнаның шоуы» атты әзіл-сықақ скетч-шоуды шығара бастады. Топ құрылғаннан бері алғашқы он айда олар өз арналарына 104 мың жазылушы мен 6 миллионға жуық қаралым жинай алды.
2018 жылы топ 5 миллион теңгеге жуық табыс таба алды.
2021 жылдың 13 мамырында Юрий Дуд топтан екі сағаттық сұхбат алды.
2021 жылы 19 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Отыздан асып барамын» фильмін жарыққа шығарды.
2022 жылы 17 желтоқсанда «Ирина Қайратовна» тобының продюсері және режисері Қуаныш Бейсеков жобадан кетті.
Дискографиясы
Альбомдары
- «13 ВЫПУСК» (2020)
- «Adjare Gudju» (2023)
Синглдері
- 2018 — «Кеттік»
- 2018 — «Неге Нигга?»
- 2019 — «Сабзиро»
- 2019 — «NE ÁŃGIME?»
- 2019 — «Джай»
- 2019 — «Беги»
- 2020 — «Kõke»
- 2020 — «Интро»
- 2020 — «Arriva»
- 2020 — «MVP»
- 2020 — «Wu Kang»
- 2020 — «5000»
- 2022 — «Kõk tu»
- 2023 — «Чина»
- 2023 — «Adrare Gudju»
- 2024 — «Айдахар»
- 2024 — «Tun»
Видеографиясы
«Ирина Қайратқызының шоуы»
| Шығарылым № | Атауы | Шығарылым уақыты |
|---|---|---|
| 1 | «НОВАЯ ЭРА КАЗАХСТАНСКОГО ЮТУБА» | 20.05.2017 |
| 2 | «ПРО ПОХОД» | 02.06.2017 |
| 3 | «BAYZAKOVA, ТРУП ВАЙНЕРА, БАТЫР-АРЕНДАТОР» | |
| 4 | «КАЗАХСКИЕ СУПЕРГЕРОИ, АДИНА УШЛА ИЗ YUFRAME (ЮФРЕЙМ)?» | 17.07.2017 |
| 5 | «СВЯТОЙ ОТЕЦ, СУПЕРГЕРО, ЖЕКА» | 01.08.2017 |
| 6 | «СКИПЕТР, BIKABREEZY» | 22.08.2017 |
| 7 | «ДА БУДЕТ ШОУ!» | 24.09.2017 |
| 8 | «СКАТИЛИСЬ… С ГОРКИ» | 01.01.2018 |
| 10 | «ПОСЛЕДНИЙ ВЫПУСК» | 28.10.2018 |
| 11 | «РЭПЕР-АДВОКАТ И ЛАВ СТОРИ БОМЖЕЙ» | 19.12.2018 |
| 12 | «НЕ ПРОПАГАНДА!» | 14.07.2019 |
| 13 | «КОНЕЦ» | 01.04.20 |
Фильмдері
- «Отыздан асып барамын» (2021)
- «Закладка» (2021)
- «ГОСЗАКАЗ» (2021)
Марапаттары
- «People’s choice» номинациясында «Jager Music Awards 2021» музыкалық жүлдесі (Қазақстан).
- «Жылдың мәдениет қайраткері» номинациясы бойынша «Халық сүйіктісі – жыл халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығы.
- Алфавит бойынша музыкалық топтар
- Қазақстан музыкалық ұжымдары
- 2017 жылы құрылған музыкалық ұжымдар