Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Камал Бошаев (17.11.1910, Қарағанды облысы Шет ауданы) — әскери қайраткер, генерал-майор (1965). Қарқаралы педтехникумын (1931), КазПИ-ді (1940), Әскери-саяси а

Камал Бошаев

  • Басты бет
  • Камал Бошаев

Камал Бошаев (17.11.1910, Қарағанды облысы Шет ауданы) — әскери қайраткер, генерал-майор (1965). Қарқаралы педтехникумын (1931), КазПИ-ді (1940), Әскери-саяси академияны бітірген. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Керней бұтағынан шыққан. 1940 — 42 жылдары Қазақстан КП ОК-нің нұсқаушысы, Шымкент облысы партия комитетінің нұсқаушысы болды. 1942 жылы майданға жіберіліп, Курск доғасы, Днепр өзені бойындағы, Польша жеріндегі шайқастарға және Берлин операциясына қатынасты. Соғыстан кейін 7-гвардиялық атқыштар бригадасында насихат жөніндегі аға нұсқаушы, ал 1948 жылдан Қазақ КСР-і әскери комиссариатында басшы қызметтерде болды. 1951 — 71 жылы республикалық ДОСААФ комитетінің төрағасы қызметін атқарды. 1971 жылы құрметті демалысқа шықты. Бірнеше орден, медальдермен марапатталған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 27, 2026

    Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер

  • Сәуір 02, 2026

    Араб тілі

  • Сәуір 05, 2026

    Мұнайлы ауданы

  • Сәуір 05, 2026

    Химиялық байланыс

  • Сәуір 07, 2026

    Зайырлы мемлекет

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары