Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Канн кинофестивалі (фр. Festival de Cannes) — әр түрлі мемлекеттердің кино өнерінің жетістіктерінің байқауы. Канндағы (Франция) халықаралық кинофестивальдің алғ

Канн кинофестивалі

  • Басты бет
  • Канн кинофестивалі

Канн кинофестивалі (фр. Festival de Cannes) — әр түрлі мемлекеттердің кино өнерінің жетістіктерінің байқауы. Канндағы (Франция) халықаралық кинофестивальдің алғаш ашылуы 1939 жылдың күзіне белгіленді, бірақ 2-дүниежүзілік соғыстың басталуына байланысты 1946 жылдың қыркүйегінде ашылды. 1951 жылдан сәуір — мамырда өткізіледі. Фестивальдің бас «Алтын пальма бұтағы» жүлдесі ең үздік толық метражды және ең үздік қысқа метражды фильмдерге беріледі. Сондықтан, Үлкен арнайы қазылар алқасы жүлдесі, үздік орындаған ер және әйел рөлдері, ең үздік режиссура, операторлық жұмыс, сценарий үшін жүлделер тапсырылады. Сонымен қатар қазылар алқасы тағы бір жүлдесін толық метражды фильмге және екі жүлдені қысқа метражды фильмдерге тапсыра алады. Канн фестиваліның шеңберінде халықар. сыншылар аптасы, тәжірибелік режиссерлік жұмыстарды, жаңа француз фильмдерін көрсету, кинорынок және т.б. өтеді. Ең үздік дебют үшін «Алтын камера» жүлдесі беріледі. 1998 жылы қазақ кинорежиссер Д.Өмірбаевтың “Киллер” фильмі Канн фестивалінің жас кино бағдарламасына қатысып, «ерекше көзқарас» жүлдесін иеленді.2001 жылы жас кино бағдарламасына Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, режиссер Н.Түребаевтың қысқа метражды «Антиромантика» фильмі қатысты.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Үнді өзені

  • Наурыз 29, 2026

    Қасым Қайсенов

  • Сәуір 06, 2026

    Табиғи радиоактивтік

  • Сәуір 05, 2026

    Музыка жанрлары

  • Наурыз 13, 2026

    Киіз үй

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары