Келер шақ — қимыл, іс-әрекеттің дәл қазір емес, болашақта істелетінін білдіретін етістік шағы. Келер шақ мағынасы мен формасына қарай үшке бөлінеді:
- 1. Ауыспалы келер шақ. Ӏс-қимылдың алдағы уақытта анық іске асатынын білдіреді. Ол негізінде етістіктің түбіріне -а/-е/-й жұрнақтары жалғану арқылы жасалады: Біз айтқанды орындаймыз. Ертең сабаққа барамын.
- 2. Болжалды келер шақ. Ӏс-кимылдың келешекте іске асуына күмәндануды білдіреді. Етістіктің түбіріне есімшенің -ар/-ер/-р жұрнағы жалғану арқылы жасалады: Әуелі өзіміз барармыз. Ертең сабаққа барармын. Ойынға енді шықпаспын.
- 3 Мақсатты келер шақ. Ӏс-қимылдың келешекте мақсат етіле орындалатыныньбілдіреді, етістіктің түбіріне есімшенің - мақ/-мек/-пақ/-пек/-бақ/-бек жұрнағының қосылуы арқылы жасалады: Олар ауылға қайтпақ. Ертең сабаққа бармақшымын.