Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Кеңгір бөгені — Қарағанды облысы Жезқазған қалалық әкімдігі өңіріндегі Қаракеңгір өзені арнасына салынған бөген. 1952 жылы іске қосылған, 1961 – 65 жылдары қайт

Кеңгір бөгені

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

‎‎

Кеңгір бөгені
Морфометрия
Ұзындығы27 км
Ені1,0 км
Ауданы37,5 км²
Көлемі319 км³
Ең терең жері25 м
Орташа тереңдігі8,6 м
Сипаттамасы
Толтырылған жылы1952
Орналасуы
47°47′44″ с. е. 67°43′58″ ш. б. / 47.7956° с. е. 67.7328° ш. б. / 47.7956; 67.7328 (G) (O) (Я)Координаттар: 47°47′44″ с. е. 67°43′58″ ш. б. / 47.7956° с. е. 67.7328° ш. б. / 47.7956; 67.7328 (G) (O) (Я)
Ел Қазақстан
АймақҚарағанды облысы
Кеңгір бөгені
Кеңгір бөгені (Қарағанды облысы)
Кеңгір бөгені
Кеңгір бөгені Ортаққорда

Кеңгір бөгені — Қарағанды облысы Жезқазған қалалық әкімдігі өңіріндегі Қаракеңгір өзені арнасына салынған бөген. 1952 жылы іске қосылған, 1961 – 65 жылдары қайта кеңейтіліп салынды. Жағасында Жезқазған қаласы орналасқан.

Гидрологиялық сипаты

Бөгеннің ұзындығы 27 км, орташа ені 1,0 км шамасында, орташа тереңдігі 8,6 м (ең терең жері 25 м), ауданы 37,5 км², суының көлемі 319 млн. м³. Бөген, негізінен, Жезқазған өнеркәсіп кешенін ауыз сумен, техникалық сумен қамтамасыз ету үшін салынған, сондай-ақ, қала төңірегіндегі шаруашылықтарды сумен қамтамасыз етеді. Бөген суы тұщы, минералдылығы 0,4 г/л-ден (көктемгі су тасуы кезінде) 1,7 г/л-ге дейін (қысқы саба кезінде) өзгереді. Деңгейінің жылдық ауытқуы 2,5 – 3,0 м шамасында.

Жоғары