| Киікбай өзені | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 31 км |
| Су алабының ауданы | 123 км² |
| Су алабы | Шілік өзені |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Күнгей Алатауының солтүстік беткейі |
| Сағасы | Шілік өзенінің оң жағы |
| Орналасуы | |
| Ел | Қазақстан |
| Аймақ | Алматы облысы Райымбек ауданы |
Киікбай – Шілік алабындағы өзен.
Географиялық орны
Алматы облысы Райымбек ауданы жерімен ағады.
Бастауы
Бастауын Күнгей Алатауының солтүстік беткейінен алып, Шілік өзенінің оң жағынан құяды.
Гидрологиясы
Ұзындығы 31 км, су жиналатын алабы 123 км2. Жоғарғы және орта ағысында жағалаулары тік жартасты. Көктемде суы тасиды. Суы жыл бойы болады. Орта ағысының алабы шабындыққа және мал жайылымына пайдаланылады.
Санаттар:
- Алфавит бойынша өзендер
- Райымбек ауданы өзендері
- Іле су алабы