| Константинополь, Жаңа Рим архиепископы және Бүкіләлемдік Патриарх | |
Лауазымды иеленуші I Варфоломей 2 қараша 1991 | |
|---|---|
| Елі | Түркия |
| Аймағы | Ыстанбұл |
| Шіркеуі | Константинополь православие шіркеуі |
| Құрылғаны | 38 жыл (негізделді); 451 жыл (патриарх титулы берілді) |
| Кафедралы соборы | Әулие Георгий соборы |
| Сайты | |
Константинополь Бүкіләлемдік патриархы (гр. Οἰκουμενικός Πατριάρχης, Oikoumenikós Patriárchēs) — Константинополь архиепископы, Шығыс православие шіркеуін құрайтын әр православ автокефалиялы шіркеу басшыларының арасындағы primus inter pares (теңдер арасындағы тұңғышы), бүкіл дүние жүзіндегі шығыс православтардың өкілі және рухани басшысы.Бүкіләлемдік термині Халкидон жиналысының 28-канонынан негіз алады.
Патриархтың Тағы қызметін атқаратын Константинополь православие шіркеуі — әлемдегі ең шыдамды институттардың бірі, әлем тарихында ірі рөлге ие. Ежелгі тарихта Бүкіләлемдік патриархтар христиандықтың таралуына жауапты еді, доктрина жайлы түрлі дауларды шешетін еді. Ортағасыр кезінде олар Шығыс православие шіркеуінің істеріне жауап беретін, православ әлемінің саясатына араласатын, православиенің славяндарға таралғанын қадағалайтын. Шіркеудегі, діндарлар арасындағы ықпалын жоғалтпаған заманауи патриархтар қазір экуменизмге, дінаралық «диломатияға» араласады, қайырымдылықпен, православ дәстүрін қорғаумен айналысады.
Бүкіләлемдік патриарх Апостол Андрейдің ізбасары делінеді. Лауазымның қазіргі иесі — I Варфоломей, тақтың 270-иегері.
Титулы
Бүкіләлемдік патриарх «(есімі), Құдай рақымымен Константинополь мен Жаңа Рим архиепископы және Бүкіләлемдік патриарх» титулына ие.
Православие шіркеуіндегі мәртебесі

Константинополь Бүкіләлемдік патриархы — теңдер арасынан бірінші, өзгеше айтқанда Шығыс Православие епископтарымен де-юре теңқұқылы болса да, арасынан нөмір бір тұлға. Ол православ примастары мен епископтарының әр кездесуіне өзі, не делегат арқылы төрағалық етеді және Православие одағының, әсіресе өзге христиандармен экуменистік келіссөз барысында, басты өкілі қызметін атқарады. Оның өзге патриархтар, не автокефалиялар үстінен ешқандай заңи мәртебесі жоқ және ол, өзге примастардай, керек болғанда синодты шақырта алады. Бүкіләлемдік патриарх деген ерекше титулы арқылы ол кейде Православие әлемінің рухани басшысы делінеді, алайда бұл — патриархтың ресми титулы емес және патриархаттың ғылыми еңбектерінде айтылмайды. Православие шіркеуі толығымен орталықсыз: оның еш орталық әкімшілігі, басшысы, басты епископы жоқ. Оны Католик шіркеуінен дәл осы иерархиясыздығы ерекшелейді. Православие шіркеуінің каноны, даулары мен ережелеріне жалғыз адам емес, синод жауапты. «Бүкіләлемдік патриарх», «Теңдердің тұңғышы» титулдары тек құрмет белгісі ретінде қолданылады; Патриарх тек өзінің константинопольдік шіркеуіне ғана билік етеді.
Оның нақты лауазымы — Константинополь православие шіркеуінің патриархы. Константинополь шіркеуімен қатар тағы он үш автокефалиялы және бірнеше автоном шіркеу бар. Ол Бөлінбеген Шіркеудің Пентархиясын құрған бес ежелгі шіркеудің арасындағы төрт православиелік шіркеудің ең ағасы болып саналады, бірақ ең көнесі емес. Константинополь православие шіркеуінің басшысы ретінде патриарх «Жаңа Рим, Константинополь архиепископы» ретінде белгілі.
Тағы қараңыз
- Константинополь патриархтарының тізімі
- Константинополь патриархтары
- Шіркеу титулдары
- Константинополь православие шіркеуі
- Православие шіркеулерінің басшылары
- Фанариоттар
- Грекия-Түркия қатынастары