Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Өркендеп тұрған кезінде (б.з.б 1 ғасырдың аяғы – 3 ғасырдың басы) қазіргі Орта Азияның едәуір бөлігін, Ауғанстанды, батыс Пәкістанды, Солтүстік Үндістанды, Шығы

Кушан патшалығы

  • Басты бет
  • Кушан патшалығы

Кушан патшалығы – көне замандағы мемлекет.

Кушан патшалығы картада

Өркендеп тұрған кезінде (б.з.б 1 ғасырдың аяғы – 3 ғасырдың басы) қазіргі Орта Азияның едәуір бөлігін, Ауғанстанды, батыс Пәкістанды, Солтүстік Үндістанды, Шығыс Түркістанды (қытай жаулап алғаннан кейін Смнь Цзянь аталған) түгел қамтылған. Римдік парфия, Хань мемлекетімен қатар көне замандағы 4 күшті империяның бірі болды. Көне дүниеде зор рөл атқарғандығына қарамастан, Кушан патшалығының тарихы жетклікті зерттелмеген. Кушан патшалығы саяси тарихы жайындағы деректер Қытай мен Рим авторларының жазбаларынан, Кушан жерінде шығарылған теңге ақшаларға жүргізілген талдаулардан, түрлі заттардың бетінде сақталған аздаған жазулардан қалыптасады. Кушан тарихынының дәл хронологияы әлі анықталмаған.

Кушан жерінде шығарылған теңге ақшалар

Тарихы

Көшпелілер Грек-Бактрия патшалығын қиратып, бірнеше жеке князьдықтар құрғаннан кейін, жүз жылдан астам уақыт өткен соң, жыл санаудың басына таманғы аралықта Кушан патшалығы пайда болды. Бактрияның Кушан тайпасын немесе кушан руын басқарған мұндай князьдіктердің бірі Кушан патшалығының негізін қалады. Кушанның жаулап алу жорықтары көбінесе оның алғашқы 2 патшасы – Куджула Кадфиз бен оның ұлы Вима Кадфиз ІІ тұсында және Кушанның атақты патшасы канишка тұсында жүргізілді. Кушан патшалығы Канишка мен оның ұлы Хувишка тұсында өркендеп, Васудева патшалығы кезінде құлдырап кеткен. 4 ғасырда Кушан патшалығы ыдырап, ұсақ князьдықтарға бөлініп кетті. Олардың хронологиясы мен тарихы белгісіз.

Сілтемелер

  •   Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Кушан патшалығы
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 14, 2026

    Тарқақ үйіржұлдыз

  • Сәуір 06, 2026

    Ирланд тілі

  • Сәуір 10, 2026

    Арыс-Түркістан каналы

  • Сәуір 15, 2026

    Әнбия сүресі

  • Сәуір 09, 2026

    Барлыбек Сыртанов

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары