Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Көптеген кірпікшелі жәндіктер еркін жүзетіндіктен, сүйір денелі болып келеді. Солардың бірі- кірпікшелі кебісше. Кебісшенің пішіні кебіске өте ұқсас. Оның бүкіл

Кірпікшелі кебісше

  • Басты бет
  • Кірпікшелі кебісше

Мазмұны

Кірпікшелі кебісшенің тіршілігі, сыртқы құрылысы және қозғалуы

Көптеген кірпікшелі жәндіктер еркін жүзетіндіктен, сүйір денелі болып келеді. Солардың бірі- кірпікшелі кебісше. Кебісшенің пішіні кебіске өте ұқсас. Оның бүкіл денесін жіңішке түк тәрізді өскін-кірпікшелер қаптап жатады. Бір кебісшенің денесінде 10-15 мың кірпікше болады, осы кірпікшелердің әрқайсысы ескекше қимылдап, кебісше үздіксіз шапшаң қозғалады.

Кірпікшелі кебісшенің амеба немесе жасыл эвгленадан айырмашылығы: денесін жұқа, тығыз қабықша қаптайды. Қабықша майысқақ, иілімді болғандықтан, кебісше денесін еркін қозғап, әр түрлі қалыпқа келтіре алады. Кірпікшелілер тоқтау суларда, тоғанда, батпақты жердегі суларда кездеседі.

Кірпікшелі кебісшенің денесі күрделі екі жасушадан тұрады. Денесінің негізгі бөлігін цитоплазма толтырады, цитоплазманың ішінде бір үлкен және бір кішкене -екі ядро болады. Цитоплазманың сыртқы қабаты-тығыз қабықша, онда өте көп кірпікше өседі, ал ішкі қабаты сұйықтықтан тұрады. Кебісшенің алдыңғы жағы доғал, ал артқы жағы жалпақтау келіп, сүйірленеді. Оның қозғалып жүзуі: кірпікшелер арқылы алға қарай жылжиды, бүкіл денесімен өз кіндігінен оңға қарай айналады.

Қоректенуі

Кірпікшелілердің негізгі қорегі- бактериялар және ұсақ ағзалар. Кебісшенің алдыңғы жағынан сопақшалау келген ойыс көрінеді. Бұл-кебісшенің ауыз ойысы. Ауыз ойысы цитоплазмада тар шұқырақ тәрізденген жұтқыншаққа жалғасады. Ауыз ойысындағы кірпікшелердің қимылымен судағы ұсақ тірі ағзалар және бактериялар кебісшенің жұтқыншағына қарай жылжиды. Қоректік зат цитоплазмаға түсісімен төңірегінде көпіршік түзіледі және асқорыту вакуоліне айналып, қоректі өзгеріске ұшыратады. Асқорыту сөліне оралған қорек түйірлері қорытылып, цитоплазмамен жайлап жылжиды, қорытылмаған бөлігі денедегі тесік- қылаулатқыш арқылы сыртқа шығады.

Тыныс алуы және зәр шығаруы

Кірпікшелі кебісшенің тыныс алатын ерекше мүшесі жоқ, сондықтан бір ғана жасушадан тұратын денесіндегі жұқа қабықша арқылы өз айналасындағы суда еріген оттегін бүкіл денесіне сіңіріп, газ алмастырады, тыныс алады.

Кірпікшелі кебісшенің денесінде жиырылғыш, жұлдызша тәрізді екі вакуоль айқын көрініп отырады. Бұл вакуольдерге денедегі артқы мөлшердегі сұйықтық жиналады. Вакуольдердің біреуі кебісше денесінің алдыңғы бөлігінде, екінші артқы жағында орналасады. Олардың мөлшері жинақталған сұйықтыққа байланысты, сондықтан көпіршіктің кейде пайда болып, кейде жойылып кетуі мүмкін. Кірпікшелі кебісшенің осы жиырылғыш вакуольдері зәр шығару қызметін атқарады.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 13, 2026

    АҚШ штаттарының тізімі

  • Сәуір 03, 2026

    Ван Гог

  • Сәуір 06, 2026

    Мақаншы ауданы

  • Наурыз 21, 2026

    Азот

  • Сәуір 08, 2026

    Рене Декарт

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары