| Кіші Сарыоба | |
| Морфометрия | |
|---|---|
| Теңiз деңгейiнен биіктігі | 400 м |
| Өлшемі | 3,4 × 2 км |
| Ауданы | 5,2 км² |
| Жағалау сызығының ұзындығы | 8,6 км |
| Орташа тереңдігі | 2 м |
| Орналасуы | |
| 51°11′09″ с. е. 72°12′00″ ш. б. / 51.18583° с. е. 72.20000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°11′09″ с. е. 72°12′00″ ш. б. / 51.18583° с. е. 72.20000° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Ақмола облысы |
| Аудан | Аршалы ауданы |
Кіші Сарыоба – Есіл алабындағы тұзды көл.
Географиялық орны
Ақмола облысы Аршалы ауданында, Сарыоба ауылының оңтүстік-шығысында орналасқан. Теңіз деңгейінен 400 м биіктікте.
Аумағы
Аумағы 5,2 км2, ұзындығы 3,4 км, енді жері 2 км, жағалау бойының ұзындығы 8,6 км. Орташа тереңдігі 2 м.
Жер бедері мен гидрографикасы
Көл төбелер қоршаған қазаншұңқырлы ойыста жатыр. Кіші Сарыобаға көктемде кішігірім өзен құяды. Жағасы тік жарлы, биіктікігі 2 – 3 м. Көл айдыны ашық, жағасынан 100 – 150 м жерде су асты өсімдіктері кездеседі. Көктемде деңгейі көтеріліп, орта сулы жылдары тереңдігі 0,4 – 0,5 м-ге, суы мол жылдары 1,0 – 1,2 м-ге жетеді. Мұзының қалыңдығы 0,7 – 0,8 м, қыста 1 м-ге дейін жетеді. Суының минералдылығы жоғары.
- Алфавит бойынша көлдер
- Есіл су алабы
- Аршалы ауданы көлдері

