Кіші Қобда – Жайық алабындағы өзен.
| Кіші Қобда өзені | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 116 км |
| Су алабының ауданы | 1240 км² |
| Су алабы | Жайық (су алабының Ресейдегі бөлігі) |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Сабындыкөл атырабы (Ресей) |
| Сағасы | Қобда өзені |
| • Координаттары | 50°50′07″ с. е. 54°52′40″ ш. б. / 50.83528° с. е. 54.87778° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°50′07″ с. е. 54°52′40″ ш. б. / 50.83528° с. е. 54.87778° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | |
| Аймақ | Ақтөбе облысы Қобда ауданы және Ресей (Орынбор облысы) |
Географиялық орны
Ақтөбе облысының Қобда ауданы және Ресей (Орынбор облысы) жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 116 км, су жиналатын алабы 1240 км².
Бастауы
Бастауын Ресейдегі Сабындыкөл атырабындағы қыратты бұлақтан алып, Жиренқопа ауылы тұсында Қобда өзеніне құяды.
Гидрологиясы
Ағыны баяу, су деңгейі көктемде 18 – 20 тәуліктей көтеріледі. Жылдық орташа су ағымы 0,44 м³/с. Суында сазан, шортан, қарабалық бар. Егін суғарылады. Жағалауы – жайылым.
Су тізілімінің мәліметтері
Ресей мемлекеттік су тізілімінің мәліметі бойынша Жайық су алабы өңіріне жатады, өзеннің сушаруашылық бөлігі — Елек. Өзен саласы болмайды, өзен алабы — Жайық (су алабының Ресейдегі бөлігі).
Ресей су ресурстары федералды агенттігі дайындаған РФ аумағын сушаруашылығы бойынша аудандастыру жөніндегі геоақпараттық жүйе мәліметтері бойынша:
- Мемлекеттік су тізіліміндегі су нысанының коды — 12010000912112200009168
- Гидрологиялық тұрғыдан зерттелу (ГЗ) коды — 112200916
- Су алабының коды — 12.01.00.009
- ГЗ томының нөмірі — 12
- ГЗ бойынша шығарылуы — 2