Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Электрмагниттік радиация (күннің сәулелік энергиясы) электрмагниттік толқындар түрінде, 300000 км/с жылдамдықпен тарап, жер атмосферасына енеді. Жер бетіне дейі

Күн радиациясы

  • Басты бет
  • Күн радиациясы

Күн радиациясы , күннің сәуле шығаруы – Күннің электрмагниттік және корпускулалық сәуле шығаруы.

Электрмагниттік радиация (күннің сәулелік энергиясы) электрмагниттік толқындар түрінде, 300000 км/с жылдамдықпен тарап, жер атмосферасына енеді. Жер бетіне дейін тура (жерге бұлтсыз ашық жағдайда атмосферадан көктей өтіп жететін Күн сәулелері) және шашыранды (атмосферадағы шаң-тозаңнан, бұлттан шашыраған Күн сәулесі) радиация түрінде жетеді. Олардың 48%-ы спектрдің көрінетін бөлігінде (0,38 – 0,76 мкм), 45%-ы инфрақызыл сәуле (0,76 мкм), 7%-ы ультракүлгін сәуле (0,38 мкм) спектрінде жатады. Корпускулалық радиация негізінен 300 – 1500 км/с жылдамдықпен қозғалатын әрі түгелімен жер магнитосферасында тұтылып қалатын протондардан тұрады (концентрациясы 5 – 80 ион/см3, ал күн активтілігі артқанда, ол да артады). Күн радияциясы – Жер бетінде және атмосферада болып жатқан экзогендік процестер үшін бірден-бір энергия көзі болып табылады; әдетте оны жылулық әсері бойынша өлшейді. Оның жер бетіне келетін мөлшері уақыт бірлігінде 1 см 2 жерге түсетін калориямен өрнектеледі. Жер әр минут сайын Күннен 2,4·1018 кал сәулелік энергия алады.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Көңіл күйі

  • Сәуір 04, 2026

    Соқпалы-шулы аспаптар

  • Наурыз 14, 2026

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

  • Сәуір 04, 2026

    Сыма Цянь

  • Сәуір 03, 2026

    XIII ғасыр

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары