Күнес ауданы (қаз. كۇنەس اۋدانى , қаз. Künes audany) немесе Синьюань ауданы (қыт. 新源县) — Қытай Халық Республикасы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы Іле Қазақ автономиялық облысының Іле аймағына қарасты әкімшілік-территориялық құрылым. Дүниежүзіндегі қазақ ең көп әрі тығыз қоныстанған аудан. Халқының 80 пайыздан астамы қазақтар, яғни 250 000 ға жуық қазақ тұрады, 13 ауыл, 3 ферма, 4 қалашық, 100-ге тарта қыстақтан (елді мекен) тұрады. Қытайдағы ірі туристік орталық Ақөзен жайлауы, Нарат сахарасы осында. Үрімжі бағытында аэродром бар. Күнес ауданық 1-орта мектеп (қазақ мектебі) Қытай бойынша қытай ұлтынан басқа ұлттар мектептері ішінідегі ең үздігі болып табылады.
| Аудан | |
| Күнес | |
| қаз. كۈنەس اۋدانى қыт. 新源县 | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Кіреді | Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы, Іле Қазақ автономиялық облысы, Іле аймағы |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 43°27′04″ с. е. 83°08′52″ ш. б. / 43.45111° с. е. 83.14778° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°27′04″ с. е. 83°08′52″ ш. б. / 43.45111° с. е. 83.14778° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Жер аумағы | 7 581 км² |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 290 000 адам (2002) |
| Ұлттық құрамы | қазақ, ұйғыр, қытай, дүңген |
| Ресми тілдері | |
| Телефон коды | 999 |
| Пошта индекстері | 835800 |
|
| |
| Координаттар: 43°27′04″ с. е. 83°08′52″ ш. б. / 43.45111° с. е. 83.14778° ш. б. (G) (O) (Я) | |
