Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Кәдімгі арпа (лат. Hordeum vulgare) – астық тұқымдасының арпа туысына жататын бір жылдық аса бағалы ертеден (осыдан 10 мың жыл бұрын) өсіріліп келе жатқан дәнді

Кәдімгі арпа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Кәдімгі арпа
Кәдімгі арпа
Кәдімгі арпа
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Дара жарнақтылар
(unranked) Commelinids
Сабы: Poales
Тұқымдасы: Poaceae
Кіші тұқымдасы: Pooideae
Тайпасы: Triticeae
Тегі: Hordeum
Түрі: H. vulgare
Екі-есімді атауы
Hordeum vulgare
L.
Hordeum vulgare

Кәдімгі арпа (лат. Hordeum vulgare) – астық тұқымдасының арпа туысына жататын бір жылдық аса бағалы ертеден (осыдан 10 мың жыл бұрын) өсіріліп келе жатқан дәнді дақыл . Азықтық тағам ретінде және малдың құнарлы жемі ретінде өсіріледі. Арпадан арпа ұнын, арпа жармасын, арпа квасын жасайды. Арпа ұнынан кондитерлік тағамдар өндіріледі. Кәдімгі арпа дәндерін сыра қайнатуға пайдаланылады.

Ботаникалық сипаттамасы

Кәдімгі арпа - сабағы тік, биіктігі 30-60 см, кейде 90 см-ге дейін, бір жылдық шөптес өсімдік.

Жапырақтарының ұзындығы 30 см-ге дейін, ені 2—3 см болады.

Гүлдері ұзындығы 10 см-ге дейін масақ гүлшоғырына жиналған; әр масаңы — бір гүлді. Масақтары 4-6 қырлы ендері 1,5 см-ге дейін болады. Масқтар 3 данадан топтасын өседі. Маусым-шілдеде гүлдейді.

Жемісі — дәнше. Тамыз айында жемістенеді.

Әлемдегу ірі өндірушілер

Арпаның жылдық жинауы
(елдер)

(млн метрлік тонна)
Ел 2009 2010 2011
 Германия12,310,48,7
 Франция12,910,18,8
 Украина11,88,59,1
 Ресей17,98,416,9
 Испания7,48,28,3
 Канада9,57,67,8
 Аустралия7,97,38,0
 Түркия7,37,27,6
 Ұлыбритания6,85,35,5
 АҚШ5,03,93,4
Әлемдегі өндіріс151,8123,7134,3
Дереккөз: БҰҰ азық және ауыл-шаруашылық ұйымы

Түршелері

  • Hordeum vulgare subsp. spontaneum — Жабайы арпа
    • [syn. Hordeum ithaburense Boiss.]
    • [syn. Hordeum spontaneum K.Koch]Үлгі:Basionym
  • Hordeum vulgare subsp. vulgare — Екіқатар арпа
    • [syn. Hordeum distichon L. = Hordeum vulgare subsp. distichon]
    • [syn. Hordeum hexastichon L. = Hordeum vulgare subsp. hexastichon] — Алтықатар арпа
Жоғары