| Тамырдәрі | ||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||||||||||
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
| Asparagus officinalis |
Кәдімгі қасқыржем , Қояншөп (лат. Asparagus officinalis) – қасқыржемдер тұқымдасының қасқыржем туысына жататын, биіктігі 1метрден асатын, көп жылдық шөп тектес өсімдік.
Ботаникалық сипаты

- Тамыры қысқа әрі жуан. Оған жанай өскен көптеген жіңішке және түзу тамырлары бар.
- Жапырақтары майда, үш бұрышты, жіңішке, топ-топ болып онраласқан.
- Гүлдері ақшыл жасыл немесе жасыл сары түсті, қоңырау тәрізді болып келеді.
- Жемісі шар тәрізді домалақ қызыл жидек.
- Маусым айында гүлдеп, қыркүйек айында піседі. Шабындықтарда, таулардың етектерінде, далалы аймақтарда, өзен жағаларында, ағаштардың араларында кездеседі.
Емдік қасиеті
Дәрілік мақсат үшін тамырдәрінің тамыры пайдаланылады. Құрамында аспаргин, сапониндер, С және В дәрумендері, каротин, кониферин гликозиді бар.
- Өсімдіктен жасалған дәрілердің қан қысымын төмендететін, жүректің қан тамырларын кеңітіп, несеп жүргізетін қасиеттері бар.
- Тамырдәріні бүйрек және жүрек ауруларын, несеп жолдары безінің қабынуын емдеу үшін пайдаланады.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі
- Тамырыдәрі тамырын кептіріп, майдаланған 2 шай қасығын 1 стақан сауға салып тұндырады да, 1 күн ішінде ішіп тауысады.
- Бүйрек ауруына байланысты дененің ісігі көбейіп кеткенде тамырдәрінің ұнтақталған 2 шай қасығына ақжелкеннің 2 шай қасығын қосып, оның 1 ас қасығын 1 стақан қайнап тұрған суға салып 1 сағат тұндырады да, 1 ас қасық күніне 3 мезгіл ішеді.
- Тамырдәрінің жас өркендерін ертеде-ақ тамаққа тәбетті шаптыратын дәрі ретінде пайдаланатын болған. Ал жемісі кофені алмастыратын суррогат орнына пайдаланылады.
Тағы қараңыз
- Дәрілік өсімдіктер
Санаттар:
- Қасқыржемдер
- Дәрілік өсімдіктер
- Қазақстан флорасы