Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Көк ет, диафрагма (грек. dіaphragma – перде), биологияда – сүтқоректілер мен адамдағы кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын етті-шандырлы перде. Көк ет тын

Көк ет

  • Басты бет
  • Көк ет

Көк ет, диафрагма (грек. dіaphragma – перде), биологияда – сүтқоректілер мен адамдағы кеуде қуысын құрсақ қуысынан бөліп тұратын етті-шандырлы перде. Көк ет тыныс алу процесіне қатысады, кеуде мен құрсақ қуысындағы қысымды теңестіреді, төменгі және жоғарғы қуыс венадан қанның оң жақ жүрекшеге баруын реттейді, асқазанның жоғарғы бөлігіндегі және ішектегі газдың жылжуын қамтамасыз етеді. Көк ет демді сыртқа шығарғанда, көкірек қуысына қарай дөңестенеді де, ішке тыныс алғанда кері қарай жазылып, көкірек қуысының көлемін кеңейтеді. Көк еттің шет жағы етті, орта жері шандырлы болады. Жәндікқоректілер мен жыртқыш сүтқоректілерде шандырлы бөлігі нашар дамыған. Көк еттен қан тамырлары, әр түрлі жүйке, өңеш өтеді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 11, 2026

    Еңлік-Кебек

  • Сәуір 06, 2026

    Тың өлкесі

  • Сәуір 03, 2026

    Талас Алатауы

  • Сәуір 13, 2026

    Норманд аралдары

  • Сәуір 06, 2026

    Башқұрт тілі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары