
Көк Құран (араб.: المصحف الأزرق) — IX ғасырдың аяғы X ғасырдың басында араб каллиграфиясының куфалық үлгісімен жазылған Тунистік Құран нұсқасы. Оның ерекшелігі — көк түсті (индиго) пергаментке алтынмен жазылған (кризография). Бұл Құран нұсқасы Ислам өнерінің ең танымал туындысы және тарихтағы ең ерекше, әрі бай қолжазба саналады. Бұл қолжазба Ұлы Османлы Мемлекеті кезінде бөлшектелініп, көп бөлігі Тунистің өнер және археология Ұлттық Институтының мұражайында сақталған. Бөлек фолианттары әлем мұражайларының мұрағатында бар. Олардың кей бөлігі Раққададағы Ислам өнерінің Ұлттық Мұражайында көрмеге қойылған.
Сілтемелер
- Құран
| Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Blue Qur'an |
- Құран
- Араб каллиграфиясы
- Тунис тарихы
- Құран тарихы