Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Көкпекті ауданы — Абай облысының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі әкімшілік бөлік. Алғаш рет 1932 жылы құрылды. 1997 жылы аудан құрамына Самар ауданы еніп, 2022 жылы

Көкпекті ауданы

  • Басты бет
  • Көкпекті ауданы

Көкпекті ауданы — Абай облысының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі әкімшілік бөлік. Алғаш рет 1932 жылы құрылды. 1997 жылы аудан құрамына Самар ауданы еніп, 2022 жылы қайта бөлініп шықты. Жер аумағы 9,1 мың км².

Қазақстан ауданы
Көкпекті ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Абай облысы

Аудан орталығы

Көкпекті

Ауылдық округтер саны

9

Ауыл саны

28

Әкімі

Нұрбек Тұрсынқанұлы Қошқарбаев

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Көкпекті ауылы, Шериаздан көшесі, №44а

Тарихы мен географиясы
Координаттары

48°45′27″ с. е. 82°22′54″ ш. б. / 48.75750° с. е. 82.38167° ш. б. / 48.75750; 82.38167 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°45′27″ с. е. 82°22′54″ ш. б. / 48.75750° с. е. 82.38167° ш. б. / 48.75750; 82.38167 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1932

Жер аумағы

9,1 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

13 636 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (84,23%), орыстар (9,6%), татарлар (2,58%), немістер (2,27%), басқа ұлт өкілдері (1,32%)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

18

Көкпекті ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Көкпекті ауданы

Облыс картасындағы Көкпекті ауданы

Мазмұны

Географиялық орны, жер бедері

Аудан батысында Жарма, оңтүстігінде Ақсуат аудандарымен, солтүстігі мен шығысында ШҚО-ның Ұлан, Самар, Күршім аудандарымен шектесiп жатыр.

Ауданның жер бедері күрделі. Солтүстік бөлігін түгелдей Қалба жотасының шығыс жағы, оңтүстік бөлігін Зайсан қазаншұңқырының солтүстік бөлігі алып жатыр. Қалба жотасының екі беткейі де Ертіс өзенінің салаларымен тілімденген. Ауданның ең биік жері – Қаражал (1606 м). Зайсан қазаншұңқыры жалпы жазық болып келсе де оның әр жерінде шоқылар кездеседі. Олардың ең ірілері: Ұзынбұлақ (818 м), Ақшоқы (907 м), Қарақия (823 м), Толағай (721 м). Кен байлықтарынан ауданның жер қойнауында түсті металдардың, құрылыс материалдарының (әктас, қиыршықтас) мол қоры бар. Таз шоқысы түгелдей дерлік әктастан тұрады.

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Ауданның климаты тым континенттік: қысы суық, жазы ыстық, қуаң (Зайсан қазаншұңқырында). Қаңтарда ауаның орташа температурасы –20,9°С, шілдеде 20,4°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм-ден (қазаншұңқырда) 350 – 400 мм-ге дейін барады (Қалба жотасында). Қалба мен оның оңтүстік-батыс сілемінен Зайсан көлі мен Ертіс өзеніне Қарабұғаз, Қурайлы, Көкпекті (салалары Шегелек, Талды, Қосағаш, Кіндікті), Үлкен Бөкен (салалары: Тасмөңке, Тентек, Кішібөкен), Құлажон, т.б. өзендер құяды. Солтүстік-батыстағы Ақсу, Қурайлы өзендері Зайсан көліне жетпей, оның жағасындағы құмға сіңіп кетеді. Ауданның оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағын Зайсан көлі мен Ертіс өзеніндегі Бұқтырма бөгені алып жатыр. Аудан жерінің топырағы, негізінен, бозғылт қоңыр. Қалба тауында және өзен аңғарларында қара топырақ тараған. Далалы өңірде бетеге, көде, сарыбас жоңышқа, ұсақ шоқылы жерлерде қараағаш, тобылғы өседі. Тау ішіндегі ылғалды жерлерде шалғын, Қалба жотасында қылқан және жалпақ жапырақты орман, оның сілемдерінің бойында шоқ қайың, терек, мойыл, долана, қарақат, әр түрлі шөптер өседі. Жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, аю, күзен, қоян, тиін, бұғы, елік, құстардың сан алуан түрі (қаз, үйрек, аққу, шағала, қызғыш, бүркіт, қаршыға, лашын, ителгі, кезқұйрық, тұрымтай, т.б.) тараған. Көлдер мен өзендерде әр түрлі балықтар мекендейді.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021 2023
23719 ▲28226 ▲33361 ▼32970 ▼32808 ▲45746 ▼18375 ▼13932 ▼13636

Тұрғындары 13 636 адам (2023). Ұлттық құрамы: қазақтар – 76,23%, орыстар – 19,80%, татарлар – 1,52%, немістер – 1,39%, басқа ұлт өкілдері – 1,06%.

Әкімшілік бөлінісі

28 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Биғаш ауылдық округі 1010 ▼ 380 37,6 543 ▼ 216 39,8 467 ▼ 164 35,1
Көкжайық ауылдық округі 2075 ▼ 1479 71,3 1050 ▼ 790 75,2 1025 ▼ 689 67,2
Көкпекті ауылдық округі 6214 ▼ 5718 92 3032 ▼ 2824 93,1 3182 ▼ 2894 90,9
Қойгелді Аухадиев ауылдық округі 2155 ▼ 1445 67,1 1057 ▼ 741 70,1 1098 ▼ 704 64,1
Тассай ауылдық округі 1492 ▼ 1255 84,1 760 ▼ 642 84,5 732 ▼ 613 83,7
Теректі ауылдық округі 995 ▼ 623 62,6 538 ▼ 321 59,7 457 ▼ 302 66,1
Үлгілі Малшы ауылдық округі 1669 ▼ 1112 66,6 889 ▼ 590 66,4 780 ▼ 522 66,9
Үлкен Бөкен ауылдық округі 2019 ▼ 1452 71,9 1021 ▼ 753 73,8 998 ▼ 699 70
Шұғылбай ауылдық округі 746 ▼ 468 62,7 366 ▼ 239 65,3 380 ▼ 229 60,3
ЖАЛПЫ САНЫ 18375 ▼ 13932 75,8 9256 ▼ 7116 76,8 9119 ▼ 6816 74,7

Ірі елді мекендері

Елді мекен Халқы
(2021)
Көкпекті ▼ 5103
Үлкен Бөкен ▼ 1296
Преображенка ▼ 1159
Тассай ▼ 1000
Көкжайық ▼ 995
Үлгілі Малшы ▼ 645
Теректі ▼ 623
Шұғылбай ▼ 398
Биғаш ▼ 334

Әкімдері

  1. Асхат Смаилов (2018-2020)
  2. Серікқазы Садуақасов (2020-2021)
  3. Раджан Сейітқанов (2021-2022)
  4. Ділдәбек Оразбаев (2022-2024)
  5. Әділет Қожанбаев (2024-2025)
  6. Нұрбек Қошқарбаев (2025-)

Ауыл шаруашылығы

Ауыл экономикасының негізін а. ш. құрайды. Ауданда 235,8 мың га-дан астам а. ш. жері бар, 73,7 мың га егістік жер, 36,5 мың га шабындық, 125,6 мың га жайылым. Аудан жері арқылы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай респ. маңызы бар Павлодар – Семей – Георгиевка – Көкпекті – Зайсан – Майқапшағай (Қытаймен шекараға дейін) және облыстық маңызы бар Өскемен – Жарма автомобильдік жолдары өтеді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Батыр қонтайшы

  • Сәуір 05, 2026

    Фосфор қышқылы

  • Наурыз 21, 2026

    Химиялық элементтердің периодтық жүйесін атом құрылысы тұрғысынан сипаттау

  • Наурыз 15, 2026

    Ұшқан ұя

  • Наурыз 21, 2026

    Бейметалдар

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары