Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Көкшетау облысы — Қазақ КСР-нің (1944-1991) және Қазақстан Республикасының (1991—1997) әкімшілік бірлігі. Әкімшілік орталығы - Көкшетау қаласы.

Көкшетау облысы

  • Басты бет
  • Көкшетау облысы

Көкшетау облысы — Қазақ КСР-нің (1944-1991) және Қазақстан Республикасының (1991—1997) әкімшілік бірлігі. Әкімшілік орталығы - Көкшетау қаласы.

Облыс
Көкшетау облысы
Әкімшілігі
Кіреді

Қазақ КСР, Қазақстан

Енеді

16 аудан

Әкімшілік орталығы

Көкшетау

Партияның облыстық комитетiнiң бiрiншi хатшысы

Әбутәліпов Чапай Мүтәлләпұлы (1990-1991)

Әкім

Жаңғалов Досбол Баянұлы (1996-1997)

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

16 наурыз 1944 жыл

Таратылған уақыты

3 мамыр 1997 жыл

Жер аумағы

78 100 км²

Тұрғындары
Тұрғыны

664 282 адам (1989)

Көкшетау облысы, карта

Мазмұны

Географиясы

Көкшетау облысы Қазақстанның солтүстігіндегі Батыс Сібір жазығы мен Солтүстік Қазақ жазығының шекарасында орналасқан еді. Аумағы — 78,1 мың км². Солтүстік-шығысында РКФСР-дің Омбы облысымен шектескен.

Тарихы

 
Қазақ КСР-нің әкімшілік бөлінуі. 1959 жыл

Көкшетау облысы Қазақ КСР-нің құрамында 1944 жылдың 16 наурызында құрылды. Оның құрамына Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау, Келлер, Көкшетау, Қызылту, Красноармейск, Чкалов және Ақмола облысының Арықбалық, Зеренді, Рузаев, Щучье аудандары берілді.

1955 жылы 22 қазанда Қазан, Чистопол және Ленинград аудандары құрылды.

1963 жылы 2 қаңтарда Көкшетау облысында жаңа әкімшілік бөлініс енгізіліп, 8 ауылдық аудан құрылды: Володар, Қызылту, Көкшетау, Красноармейск, Ленинград, Рузаев, Чистопол, Щучье және Еңбекшілдер.

1964 жылы 31 желтоқсанда Чкалов ауданы қалпына келтірілді.

1967 жылы 2 қаңтарда Арықбалық және Зеренді аудандары қалпына келтірілді.

1969 жылы 28 мамырда Келлер және Куйбышев аудандары құрылды.

1970 жылы 4 желтоқсанда Уәлиханов ауданы құрылды.

1973 жылы 23 желтоқсанда Ленин ауданы құрылды.

1988 жылы 9 шілдеде Ленин ауданы таратылып, 1990 жылы 13 қыркүйекте қалпына келтірілді.

1991 жылы 16 желтоқсаннан бері Қазақстан Республикасының құрамында.

1993 жылы 4 мамырда Володар ауданы Айыртау ауданы болып өзгертілді.

1997 жылы 2 мамырда Арықбалық, Уәлиханов, Келлер, Көкшетау, Ленинград, Рузаев, Чистопол және Чкалов аудандары таратылды. Қызылту ауданы — Уәлиханов, Красноармейск ауданы — Тайынша, Куйбышев ауданы — Целинный және Ленин ауданы Ақжар ауданы болып өзгертілді.

1997 жылы 3 мамырда Көкшетау облысы таратылып, Солтүстік Қазақстан облысының құрамына енді. Ал 1999 жылы 8 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігіндегі 3 ауданы (сонымен қатар Көкшетау қаласы) Ақмола облысының құрамына берілді.

Әкімшілік бөлінуі

1989 жылы Көкшетау облысы 15 әкімшілік ауданға және 2 облыстық бағыныстағы қалаға бөлінген:

№ Аудан Орталығы Тұрғыны
(1989), адам
1 Көкшетау қалалық кеңесі Көкшетау 138 814
2 Щучинск қалалық кеңесі Щучинск 62 824
3 Арықбалық Арықбалық 26 761
4 Уәлиханов Уәлиханов 19 392
5 Володар Володарское 48 988
6 Зеренді Зеренді 30 519
7 Келлер Келлеровка 23 817
8 Қызылту Қызылту 29 791
9 Көкшетау Красный Яр 43 797
10 Красноармейский Красноармейск 33 564
11 Куйбышев Куйбышевский 25 952
12 Ленинград Ленинградское 37 706
13 Рузаев Рузаевка 22 827
14 Чистопол Чистополье 21 481
15 Чкалов Чкалово 31 585
16 Щучинск Щучинск 37 170
17 Еңбекшілдер Степняк 29 294

Халқы

1989 жылғы Бүкілодақтық халық санағынының нәтижесі бойынша Көкшетау облысы тұрғындарының саны 664 282
адамды құрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 8,5 адамнан.

Тұру орындары бойынша

  • қалалық - 259 788 адам (39,1%)
  • ауылдық - 404 494 адам (60,9%)

Жынысы бойынша

  • ерлер - 324 048 адам (48,8%)
  • әйелдер - 340 234 адам (51,2%)

Ұлт бойынша

1970 жылдың халық санағы бойынша:

  • орыстар (40%),
  • қазақтар (23%),
  • украиндар, немістер, белорустар, татарлар, мордвалар және т.б.

Әкімдері

Қазақстан КП Көкшетау облыстық комитеті

  1. Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов (1992–1993)
  2. Нәжімеден Ықсанұлы Есқалиев (1993)
  3. Қызыр Ыбырайұлы Жұмабаев (1993–1996)
  4. Досбол Баянұлы Жаңғалов (1996–1997)
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 16, 2026

    Бұлшық ет

  • Наурыз 10, 2026

    Жүсіпбек Аймауытов

  • Сәуір 04, 2026

    Ядролық физика

  • Сәуір 03, 2026

    Орталық банк

  • Сәуір 04, 2026

    Ауа массалары

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары