Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Көкшіл лағат (лат. Molinia caerulea) – астық тұқымдасының лағат туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Көкшіл лағат

  • Басты бет
  • Көкшіл лағат

Көкшіл лағат (лат. Molinia caerulea) – астық тұқымдасының лағат туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Көкшіл лағат

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Дара жарнақтылар
(unranked) Commelinids
Сабы: Poales
Тұқымдасы: Poaceae
Кіші тұқымдасы: Danthonioideae
Тайпасы: Danthonieae
Тегі: Molinia
Түрі: M. caerulea
Екі-есімді атауы
Molinia caerulea
(L.) Moench
Синонимдері

Aira caerulea

Ботаникалық сипаты

 
  • Биіктігі 50-120 см, кішігірім тығыз шым қабатын түзе өседі.
  • Сабағы тегіс, өте қысқа төменгі және ұзынша жоғарғы буынаралықтан тұрады.
  • Жиекті жапырақтары сабақтың түбінде ғана болады, үстіңгі жағы түкті, ұзындығы 3-9 мм.
  • Сыпыртқыгүл шоғыры жіңішке әрі ұзын, ұзыдығы 1530 см, ені 1-6 см. Масағы 2-5 гүлді, қошқыл күлгін түсті. Масақ қабыршақтары жұмыртқа тәрізді, сыртында қабығы бар, доғал немесе қысқа үшкір ұшы болады.
  • Гүл қабыршақтарының ұзындығы 3-5 мм, ұшына қарай доғалданып келген. Маусым-тамыз айларында гүлдейді.

Өсетін ареалы

Лағаттың (Molinia) 5 түрі бар, олар Еуропада, Кавказ тауларында, Батыс Сібірде, Кіші Азияда кездеседі. Қазақстанда тек көкшіл лағат түрі сортаң топырақты шалғындар мен ормандарда, бұта арасында өседі. Тобыл-Есіл жазығында, Каспий маңында, Жем өзені алабында кездеседі. Құнарлы мал азықтық дақыл, бірақ жас өскіні жеміс бергенге дейін улы болып саналады.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Астана қаласы

  • Сәуір 06, 2026

    Еділ өзені

  • Наурыз 21, 2026

    Буддизм

  • Сәуір 15, 2026

    Тәшім батыр

  • Сәуір 17, 2026

    Періште (Ислам)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары