Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

ЛГБТК қоғамдастығы (кейде ЛГБТК+ қоғамдастығы, не квир қоғамдастығы; бұрын ЛГБТ) — ортақ субмәдениеті мен әлеуметтік қозғалысы бар лесбиян, гей, бисексуал, тран

ЛГБТ қоғамдастығы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Алты түсті кемпірқосақ — ЛГБТК қоғамдастығының рәмізі.

ЛГБТК қоғамдастығы (кейде ЛГБТК+ қоғамдастығы, не квир қоғамдастығы; бұрын ЛГБТ) — ортақ субмәдениеті мен әлеуметтік қозғалысы бар лесбиян, гей, бисексуал, трансгендер мен басқа квир халықтың қоғамдастығы. Көбінесе бұл қоғамдастығы адамның жекешілдігін, сексуалдылығы мен сексуалдылық түрлігін қолдайды. ЛГБТК активистер мен социологтар бұл қоғамдастығының қалыптасуын гомофобия, бифобия мен трансфобияға қарсы кері әсері болуымен түсіндіреді. Лесбиян, гей, бисексуал, трансгендер мен басқа да квирлер өзін ЛГБТК қоғамдастығына жатқыза бермейді.

Терминология

Толық мақаласы: ЛГБТ

ЛГБТК немесе ГЛБТК — 1990 жылдары бастап қолданатын лесбиян, гей, бисексуал мен трансгендерлерді белгілейтін аббревиатура. Жылдар өткен сайын, барлық цисгендерлі мен гетеросексуалды адамдарды қосу үшін «Квир» сөзін қолдана бастаған.

Символикасы

ЛГБТК қоғамдастығы ішіндегі түрлі топтардың өз тулары мен басқа да символдары бар, алайда ЛГБТК қоғамдастығын белгілейтін ең танымалдысы — Кемпірқосақ ту. Тудың авторы болған Гилберт Бейкердің сөзінше, тудағы әр түс қоғамдастықтың бар бір қасиетін білдіреді:

  • қызғылт = сексуалдық;
  • қызыл = өмір;
  • қызғылт-сары = тәуір қылу;
  • сары = күн нұры;
  • жасыл = табиғат;
  • көк = сиқыр;
  • индиго = үндестік;
  • күлгін = рух.

Кейін қызғылт пен индиго түстері алынып тасталды да, қазіргі ту 1979 жылғы Прайд-парадында тұңғыш рет көрсетілді.

1995 жылғы күзде Human Rights Campaign (Адам құқықтары науқаны) өзінің танымал логотипін — қою көк фонда сары теңдік белгісін енгізді. Бұл белгі ЛГБТК қауымдастығының ең танымал символдарының біріне айналып, әлем бойынша ЛГБТК құқықтарын қорғау күресінің белгісі ретінде кеңінен танылды.

ЛГБТК құқықтары

ЛГБТК адамдарың адам мен заңды құқықтары, тұрған елге байланысты әртүрлі. Көптеген елдерде ЛГБТК халқының өкілдері аз болғандықтан, кейбір елдерде оларға қарай азамат құқықтарын бұзатын заңдар шығады.

Қазақстан

Толық мақаласы: Қазақстандағы ЛГБТ құқықтары

2025 жылғы 28 қазанда Қазақстан Парламентінің Мәжілісі «ЛГБТ пропагандасына» қарсы заң ұсынды. Бірнеше адам құқығы ұйымдары, соның ішінде Human Rights Watch бұл заңға қарсы шықты. 2025 жылғы 30 желтоқсанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңнамаға қол қойды. Заңның сыншылары оны 2013 жылғы Ресейдегі ЛГБТ пропагандаға қарсы заңға теңеді.

Жоғары