Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Лукаш Пищек (пол. Łukasz Piszczek; 3 маусым 1985, Чеховице-Дзедзице) — польшалық футболшы, жартылай қорғаушы.

Лукаш Пищек

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Лукаш Пищек Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

3 маусым 1984 (1984-06-03)(42 жас)

Туған жері

Чеховице-Дзедзице, Польша

Азаматтығы

 Германия

Бойы

184

Салмағы

79

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Германия Боруссия Дортмунд

Номері

26

Жастар клубы
1992—2001 Польша Гочалковице
2001—2004 Польша Гварек Забже
Клуб карьерасы
2004—2010 Германия Герта 68 (3)
2004—2007 → Польша Заглембе (Любин) 69 (14)
2009 Германия Герта II 3 (5)
2010— Германия Боруссия Дортмунд 225 (15)
Ұлттық құрамы
2007—2018  Польша 65 (3)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Лукаш Пищек (пол. Łukasz Piszczek; 3 маусым 1985, Чеховице-Дзедзице) — польшалық футболшы, жартылай қорғаушы.

Мансабы

Клубтық мансабы

2001 жылы "Гварек Забже" клубына қосылып, 2003 поляк жастар чемпионатын жеңіп алды. 2004 жылы "Герта" футбол клубына қосылып, лезде Лукашты "Заглембеге" жалға берді. "Заглембемен" 2006-07 маусымында лига чемпионатын жеңіп алды. Бундеслигадағы алғашқы голын "Ганновер" қақпасына салды.

19 мамыр 2010 жылы Дортмундтық "Боруссия" 3-жылдық келісім шартқа қол қойды.

Құрама командасындағы мансабы

Алғаш рет 2007 жылы Пищек Эстонияға қарсы ойында алаңға шықты. "Еуро 2008"-ге мәлімдеме алып, Германияға қарсы 1 ойын ойнады. Жарақат алған Лукаш осымен "Еуро 2008"-де қатысуын тоқтатты.

Жеке өмірі

Лукаш Чеховице-Дзедзицеде туған. Оның әкесі, сол қаладағы футбол клубының бапкері.

Жетістіктері

Командалық

"Боруссия Дортмунд":

  • Германия чемпионы: 2011, 2012
  • Германия кубогының иегері: 2012, 2017
  • Германия суперкубогы: 2013, 2014, 2019
Жоғары