| Лучо Гонсалес | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Жалпы мағлұмат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Туған күні | 19 қаңтар 1981 (45 жас) | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Туған жері | Буэнос-Айрес | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Азаматтығы |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Бойы | 185 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Салмағы | 75 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Позиция | жартылай қорғаушы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Клуб жайлы ақпарат | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Клуб | карьерасын аяқтады | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Луис Оскар «Лучо» Гонсалес (ис. Luis Oscar «Lucho» González; 19 қаңтар 1981 жыл, Буэнос-Айрес) — аргентиналық футболшы, жартылай қорғаушы.
Мансабы
Клубтық
1998 жылы "Уракан" сапында кәсіпқой карьерасын бастады. 2002 жылы "Ривер Плейтке" ауысты да, екі рет Аргентина чемпионы атанды.
2005 жылы "Портуға" ауысты. "Порту" сапында да Лучоның карьерасы табысты болды, бірнеше рет Португалия чемпионы атанды.
2009-12 жылдары "Олимпикте" (Марсель) ойнап, бұл клубта да чемпион атанд, бірақ 2012 жылы қаңтарда "Портуға" қайта оралды.
2014-15 жылдары Катардың "Әл-Раян" клубында доп тепті. 2015 жылы "Ривер Плейтке" қайта оралды.
2016 жылы 35 жасар футболшы Бразилияның "Атлетико Паранаенсе" клубына ауысты.
Ұлттық құрама
2004 жылғы Афина Олимпиадасына қатысып, чемпион атанды. Олимпиадада Лучо бір кездесуде алаңға шықты.
2006 жылғы әлем чемпионатына қатысты. 2004 және 2007 жылғы Америка кубогының финалисі атанды.
Жетістіктері
Ривер Плейт
- Аргентина чемпионы: Клаусура 2003, Клаусура 2004
Порту
- Португалия чемпионы: 2005/06, 2006/07, 2007/08, 2008/09, 2011/12, 2012/13
- Португалия кубогы: 2005/06
- Португалия суперкубогы: 2006, 2013
Олимпик (Марсель)
- Франция чемпионы: 2009/10
- Франция лига кубогы: 2009/10, 2010/11
- Франция суперкубогы: 2010, 2011
Сілтемелер
- 19 қаңтарда туғандар
- 1981 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Буэнос-Айресте туғандар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Аргентина футболшылары
- Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары
- Уракан ФК ойыншылары
- Ривер Плейт ФК ойыншылары
- Порту ФК ойыншылары
- Олимпик Марсель ФК ойыншылары
- Атлетико Паранаэнсе ФК ойыншылары
- Футболдан Олимпиада чемпиондары
- 2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары
- Аргентина Олимпиада чемпиондары
- Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары