
Майлы дақылдар — май алу үшін қолдан өсірілетін бір жылдық және көп жылдық ағаш, бұта, шөптесін өсімдіктер.
Май алынатын өсімдіктер
- Күрделі гүлділерден -күнбағыс, мақсары.
- Бұршақ тұқымдасынан - соя, жаңғақ.
- Еріндігүлділерден - перилла.
- Астық тұқымдасынан - бидай, жүгері, егіндік күріш
- Зәйтүн тұқымдасынан - зәйтүн.
- Орамжапырақ тұқымдасынан - рапс, қыша.
- Талшықты дақылдардан - мақта, салалы зығыр, кенепшөп.
- Эфирлі-майлы дақылдардан - кориандр, тмин, анис.
- Жаңғақ-жемісті ағаштардан - грек жаңғағы, бадам, самырсын, шабдалы, өрік(дәнек майы), сонымен қатар бидай, жүгері тұқымынан.
Май өсімдіктердің тұқымында, жемісінде, тамыр түйнегінде болады.
Майлы дақылдардың тұқымы мен жемісіндегі майдың мөлшері
| Өсімдік атауы | Май мөлшері | Алынатын май түрлері |
|---|---|---|
![]() | 29-57% | күнбағыс майы |
![]() | 15-26% | соя майы |
| 20-45% | қыша майы | |
![]() | 47-59% | Кенеп майы |
![]() | 35-52% | Зығыр майы |
| 41-57% | Арахис майы | |
![]() | 45-50% | Рапс майы |
| 25-67% | Зәйтүн майы | |
| 60-76% | Жаңғақ майы | |
| 60-76% | Бадам майы | |
![]() | 50-56% | Күнжіт майы |
Майдың құрамы мен сапасы майлы дақылдардың түріне және сортына, ауа райына және топырақтың түрі мен құнарлылығына, сондай-ақ, жүргізілетін агротехникалық шараларға байланысты.
Қазақстанда күнбағыс, соя, қыша, кенедән, зығыр, күнжіт тұқымдасы, т.б. егіледі.
Санаттар:
- Майлар
- Өсімдіктер