Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Максимилиан Франц Йозеф Корнелиус Вольф (нем. Maximilian Franz Joseph Cornelius Wolf; 21.06.1863 — 3.10.1932, Гейдельберг) — неміс астрономы, жаңа аспан денелер

Макс Вольф

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Максимилиан Вольф
Max Wolf
Туған күні

21 маусым 1863 (1863-06-21)

Туған жері

Гейдельберг, Төменгі Рейн

Қайтыс болған күні

3 қазан 1932 (1932-10-03)(69 жас)

Қайтыс болған жері

Гейдельберг

Азаматтығы

 Германия

Ғылыми аясы

Астрономия

Жұмыс орны

Гейдельберг университеті

Альма-матер

Гейдельберг университеті

Ғылыми жетекші

Лео Кёнигсбергер

Атақты шәкірттері

Август Копфф
Хайнрих Фогт

Несімен белгілі

Астрофотография

Марапаттары


Жюль Жансен сыйлығы (1912)
Брюс медалі (1930)

Максимилиан Вольф Ортаққорда

Максимилиан Франц Йозеф Корнелиус Вольф (нем. Maximilian Franz Joseph Cornelius Wolf; 21.06.1863 — 3.10.1932, Гейдельберг) — неміс астрономы, жаңа аспан денелерін ашуға зор үлес қосқан астрофотография әдісінің негізін қалаушы.

Дәрігердің жанұясында туды. Әкесі оны ғылымға баулып, өз ауласында кіші обсерватория салады. Осы жерден Максимилиан 1884 жылдың қыркүйегінде 14P/Вольф деп аталып кеткен кометаны ашады.

1890 жылдан бастап ол өзі бітірген Гейдельберг университетінде приват-доцент болып жұмыс істей бастайды.

1902 жылдан бастап өмірдің соңына дейін Гейдельберг-Кёнигштуль обсерваториясының директоры болады.

Ол жалпы 248 астероидты, 4 ғаламатжұлдызды, 2 кометаны ашты (немесе бірлесіп ашты).

Оның құрметіне орай (827) Вольфиана және 1217 (Максимилиана) астероидтары, Айдағы Вольф кратері аталды.

Ал 1930 жылы ашылған (1152) Павона астероиды Вольфтың және Иоганн Пализаның фамилияларындағы алғашқы әріптерінің қосылуы арқылы аталып, екі астрономға бірдей бағышталған. Олар екі ғасырдың тоғысында аспан атласын бірге шығарысқан болатын.

Кейбір ашқан астероидтары

  • (323) Брюсия — оның алғашқы ашқан астероиды, 1891 жылдың 22 желтоқсанында
  • (352) Гизела — өз әйелінің құрметіне орай атады, 1893 жылдың 12 қаңтарында ашты
  • (412) Элизабета және (801) Гельверция — өз шешесінің құрметіне орай атады
  • (482) Петрина және (483) Сеппина — өз иттерінің аттарымен атады
  • (513) Центезима — оның жүзінші ашқан астероиды, атауы да солай аударылады, 1903 жылы ашты
  • (588) Ахиллес — алғашқы ашылған троян астероиды, 1906 жылы ашты
  • (698) Эрнестина және (733) Моция — өз ұлдары аттарымен атады
  • (1179) Мали — өз келіні есімімен атады
Жоғары