Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Үлгі:InfoboxМарк Эллиот Цукерберг (ағылш. Mark Elliot Zuckerberg, мамырдың 14, 1984 жыл) — АҚШ бағдарламаушысы, Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы, ж

Марк Цукерберг

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Үлгі:InfoboxМарк Эллиот Цукерберг (ағылш. Mark Elliot Zuckerberg, мамырдың 14, 1984 жыл) — АҚШ бағдарламаушысы, Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы, және соның басқару кеңесінің төрағасы, филантроп. 2011 жылға сәйкес оның жеке қаражаты $17.5 миллиард деп есептеледі. Facebook негізін 2004 жылы Гарвард университетінің студенті Марк Цукерберг қалаған болатын. «Time» журналы аталған желінің негізін қалаушы сол кездегі 26 жастағы Марк Цукербергті «Жыл адамы - 2010» атағымен марапаттады. БАҚ-тар Жыл адамы ретінде Джулиан Ассанж аталуы мүмкін деп болжам жасаған еді. Бірақ Марк Цукербергтің атақ-абыройы «Әлеуметтік желі» фильмі экранға шыққаннан кейін арта түсті. Бұл фильм Facebook желісінің негізін қалаған жас жігіттің өз ісіне берік­тігін, еңбекқорлығын көрсетеді. Кейбір мәліметтер бойынша, Марк Цу­керберг әлемге танымал Билл Гейтстің өміріне еліктеп, Гарвард университетіндегі оқуын тастап, фрилансер болуға ұмтыл­ған.

Фэйсбук (Facebook)

Марк Цукерберг қол жеткізген осы жетістігімен тоқтайын деп отырған жоқ. Бірінші кезекте ол, қауіпсіздік мәселелерімен айналысуды қолға алуда, яғни, бұл аккаунттарды бұзудан қорғау шаралары болмақ. Өйткені, пайдаланушылар жөніндегі ақпараттар жекелеген жағдайларда дүние табу, тіпті қылмыстық мақсаттар үшін қолданылады. Әлемдегі ең ірі әлеуметтік желіні құрушы өз жобасын алдымен тікелей эфир арқылы шығармақ болған екен. Бірақ, оның реті келмепті. Содан кейін істі бейне-блог арқылы жүзеге асыра бастаған.

Марапаттары

2010 жылы Time журналы Марк Цукербергті «Жыл адамы» деп атады.

2017 жылы «Гарвард университетінің құрметті докторы» атағын алды.

Жоғары