Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Мартин Макдонах немесе Макдона (ағылш. Martin McDonagh; 26 наурыз 1970(19700326),Лондон, Англия, Ұлыбритания) — Британ-ирландтық кинорежиссер, сценарист, продюс

Мартин Макдонах

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мартин Макдонах
ағылш. Martin McDonagh
Сурет
Мартин Макдонах (2012)
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Мартин Фаранан Макдонах

Туған күні

26 наурыз 1970 (1970-03-26)(56 жас)

Туған жері

Лондон, Англия, Ұлыбритания

Азаматтығы

 Ұлыбритания
 Ирландия

Мамандығы

режиссёр, сценарийші, драматург

Белсенді жылдары

1996 - осы уақыт

Марапаттары

«Оскар» (2006)
«Алтын глобус» (2018)
BAFTA (2009, 2018 — үш рет)

IMDb

ID 1732981

Ортаққордағы Мартин Макдонах

Мартин Макдонах немесе Макдона (ағылш. Martin McDonagh; 26 наурыз 1970(19700326),Лондон, Англия, Ұлыбритания) — Британ-ирландтық кинорежиссер, сценарист, продюсер және драматург. Жеті пьеса мен үш толық метражды фильмдердің қоюшысы – «Брюггеде» (2008), «Жеті есалаң» (2012) және «Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд» (2017). «Үздік қысқа метражды ойын фильмі» (Алты оқ-дәрі) номинацисында «Оскар» лауреаты.

Өмірбаяны

Мартин Макдона Лондонда Камбервелл ауданында 1970 жылы ирнландық құрылысшы мен сыпырушының отбасында дүниеге келді. Оның  ата-анасы Голуэйге оралды, ал Мартин және оның ағасы Джон Лондонда қалды. Кейінрек 16 жастан кейін жұмыссыздық жәрдемақысын алып отырған. Мартинның ағасы, Джон, жазушы болғысы келген. Осының арқасында Мартин де өзі жазып көрмекші болды. Алғашқы жиырма радиопьесалар мен сценарийлер баспалармен қайтарылған болатын. Алайда 1997 жылы ол табысқа жетті: «Линэннке ару» пьесасы Бродвейде қойылды. Танылымнан басқа, Мартин «Evening Standard» және «Тони» театралдық жүлделерді ұтып алды.

Шығармашылық

Пьесалары:

  • Инишмааннан жарымжан / The Cripple of Inishmaan (1996)
  • Линеннен шыққан арулардың патшайымы / The Beauty Queen of Leenane (1996)
  • Коннэмарадан бас сүйек / A Skull in Connemara (1997)
  • Жетімсіреген Батыс / The Lonesome West (1997)
  • Инишмордан шыққан лейтенант / The Lieutenant of Inismore (2001)
  • Адам-жастық / The Pillowman (2003)
  • Споканнан бір қолды адам / A Behanding in Spokane (2010)
  • Баскесерлер / Hangmen (2015)

Фильмография

Режиссер:

  • 2005 — «Алты оқ-дәрі» / Six Shooter
  • 2008 — «Брюггеде» / In Bruges
  • 2012 — «Жеті есалаң» / Seven Psychopaths
  • 2017 — «Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд» / Three Billboards Outside Ebbing, Missouri
  • 2022 — «Инешерин Багшиі» / The Banshees of Inisherin

Сценарист:

  • 2005 — «Алты оқ-дәрі» / Six Shooter
  • 2008 — «Брюггеде» / In Bruges
  • 2012 — «Жеті есалаң» / Seven Psychopaths
  • 2017 — «Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд» / Three Billboards Outside Ebbing, Missouri
  • 2022 — «Инешерин Багшиі» / The Banshees of Inisherin

Продюсер:

  • 2011 — «Сақшы» / The Guard
  • 2012 — «Жеті есалаң» / Seven Psychopaths
  • 2017 — «Миссури, Эббинг шекарасындағы үш билборд» / Three Billboards Outside Ebbing, Missouri
  • 2022 — «Инешерин Багшиі» / The Banshees of Inisherin
Жоғары