| Махамбет | |
| Жанры | тарихи |
|---|---|
| Режиссёрі | Сламбек Тәуекел |
| Продюсері | Мәдина Сүлейменова |
| Сценарийдің авторы | |
| Басты рөлдерде | Берік Айтжанов, Ерік Жолжақсынов, Әзіз Бейшеналиев |
| Кинокомпания | «Матек» киностудиясы |
| Мемлекет |
|
| Шыққан жылы | 2008 |
| IMDb | |
Махамбет — 2008 жылғы тарихи драма. Фильмнің бас продюсері – Мәдина Сүлейменова, Махамбет рөлін сомдаған – Берік Айтжанов, Исатайды бейнеленген – Қазақстанның еңбек сіңсірген әртісі Ерік Жолжақсынов, Баймағамбет Айшуақов рөлінде – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Болат Мәзімбайұлы Әбділманов, Түрген батырдың рөлінде ойнаған – Арман Әселов.
Сюжет
«Махамбет» фильмі нақты тарихи кезеңге негізделген сондай аз санатқа келіп қосылып жатқан тың дүние. Солтүстік Каспий жағалауындағы Бөкей хандығының шатырына қарай шамның жарығын түсіруге талпынған шығарма. Бөкей ханның ұлы Жәңгір-Керей хан 1824 жылдың жазында хан тағына отырады. Бұл биліктегілер мен қарапайым қара халық арасындағы шиеленіс түтінінің бықси түсіп, қолқаны әділетсіздік пен алауыздықтың “қолаңсасы” қарыған қым-қиғаш кезеңнің басталар шағы болатын. Осы таққа отырғызу рәсімінен өрбитін фильм одан әрмен қарай озбырлық пен отаршылықты, әлеуметтік ортадағы әділетсіздік пен тұлғалар қайшылықтарын, олардың бітіспес бұралаң жолдарын суреттеумен жалғасады. Көркем туынды саяси, әлеуметтік мәселелер шекпенінде қалып қоймайды, Махамбет батырдың Айғаным сұлумен арадағы ғашықтық сезімдері шынайы шығады. Ата-салт, ежелгі дәстүр нақыштары нанымды бояумен бейнеленеді.
- Алфавит бойынша фильмдер
- 2008 жылғы фильмдер
- Қазақстан тарихи фильмдері
- Қазақстан драма фильмдері