Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Махершала Әли (ағылш. Mahershala Ali; туғанында Махершалалхашбаз Гилмор; 16 ақпан 1974 жыл, Окленд, Калифорния) — америкалық актёр, рэпер. Ол бірнеше жүлде иеге

Махершала Әли

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Махершала Әли
Mahershala Ali
Сурет
Әли, 2019 жыл
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Махершалалхашбаз Гилмор

Туған күні

16 ақпан 1974 (1974-02-16)(52 жас)

Туған жері

Окленд, Калифорния, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

актёр, рэпер

Белсенді жылдары

2001 жылдан бері

Марапаттары

Оскар (2017, 2019)
BAFTA (2019)
Алтын глобус (2019)
SAG Awards (2019)

IMDb

ID 0991810

Махершала Әли (ағылш. Mahershala Ali; туғанында Махершалалхашбаз Гилмор; 16 ақпан 1974 жыл, Окленд, Калифорния) — америкалық актёр, рэпер. Ол бірнеше жүлде иегері, олардың ішінде: екі Оскар сыйлығы мен бір Алтын глобус. Time журналы Әлиді 2019 жылдағы «Әлемдегі 100 ең ықпалды адам» тізіміне қосты.

Нью-Йорк университетінде бейнелеу өнері магистрі дәрежесін меңгергеннен кейін Әли еңбек жолын «Crossing Jordan» (2001–2002) және «Threat Matrix» (2003–2004) сияқты сериалдарда тұрақты рөлдер ойнаудан бастап, кейін ғылыми фантастикалық «The 4400» (2004–2007) сериалындағы Ричард Тайлер рөлімен көзге түседі. Оның жарық көрген алғашқы үлкен фильмі Дэвид Финчер түсірген «Бенджамин Баттонның қызық оқиғасы» (2008) фантастикасы болатын. Ол кейін Netflix-тің «Картадан тұрғызылған үй» (2013–2019) саяси триллер сериалындағы екінші пландағы рөлімен, «Аштық ойындары» фильмдер сериясының соңғы екі фильмінде Боггс рөлімен және «Luke Cage» (2016) сериалындағы Корнелл Стокс рөлімен көпшілік назарына ілікті.

Әли Барри Дженкинстің «Ай сәулесі» драмасындағы Хуан рөлі үшін екінші пландағы үздік актер номинациясы бойынша Оскар жүлдесін алды. Ол «Жасыл кітап» (2018) драмасындағы Дон Ширлиді сомдағаны үшін екінші Оскар сыйлығын және «Алтын глобуста» екінші пландағы үздік актер жүлдесін жеңіп алды. Осы жағдайдан кейін ол бір категорияда екі рет Оскар сыйлығын жеңіп алған алғашқы қара нәсілді актер болып тарихқа енді. 2019 жылы ол «Нағыз детектив» (ағылш. True Detective) деп аталатын HBO антологиялық қылмыс сериалының үшінші маусымында басы бәлеге қалған полиция қызметкері болып ойнады. 2020 жылы ол Hulu сервисі жасап жатқан «Ramy» комедия-драмалық сериалының екінші маусымында актерлік құрамға енді.

Өмірбаяны және білімі

Махершалхашбаз Гилмор 1974 жылы Калифорния штатының Окленд қаласында дүниеге келді. Ол Филипп Гилмор (1956–1994) мен Уиллисия Гоинздің (1957 жылы туған) ұлы. Ол Калифорниядағы Хэйворд қаласында анасының қолында христиан болып өсті, шешесі баптист министрі болған. Оның әкесі Бродвейде өнер көрсеткен актер болды. Махер-шалал-хаш-баз - бұл Інжілдегі Ишая кітабының 8-тарауындағы пайғамбар баласының есімі.

Ол Калифорнияның Морага қаласындағы Сент Мэри колледжіне (SMC) оқуға түсіп, оны 1996 жылы бұқаралық байланыс мамандығы бойынша тәмамдады. Кейін Spunk спектакліне қатысқаннан кейін актерлікке қызығушылығы артады. Бұл кейінірек оның Калифорния Шекспир театрында оқу бітіргеннен кейін тағылымдамадан өтуіне себепкер болады. Gavin Report-та бір жыл жұмыс істегеннен кейін, ол Нью-Йорк университетінің Тищ өнер мектебінде актерлік бағдарламасына оқуға түсіп, 2000 жылы магистр дәрежесін алды.

2000 жылы ол ислам дінін қабылдап, фамилиясын Гилмордан Әлиге ауыстырып, Ахмадия жамағатына қосылды. Сұхбаттарында ол 11 қыркүйек шабуылдарынан кейін америкалық мұсылман ретінде әуежайларда, банктерде және басқаша да күнделікті өмірде кездестірген көптеген проблемалары туралы айтып берді.

Мансабы

Актерлік

Әли, 2010 жыл

Ол Netflix-тің «Картадан тұрғызылған үй» сериалындағы Реми Дэнтон рөлімен, «Luke Cage» сериалындағы Корнелл Стокс, «Аштық ойындары: Құйқылжық торғай - 1 бөлім» және «Аштық ойындары: Құйқылжық торғай - 2 бөлім» фильмдеріндегі полковник Боггс рөлімен, сондай-ақ 2008 жылғы Бенджамин «Баттонның қызық оқиғасы» фильміндегі Тиззи бейнелерімен танымал.

«Ай сәулесі» (2016) драмасындағы тәлімгер және есірткі дилері Хуан рөлі үшін Әли сыншылардың бірыңғай ықыласына ие болып, екінші пландағы үздік актер номинациясы бойынша Оскар сыйлығын, «SAG» сыйлығы және «сыншылардың екінші пландағы үздік актер таңдауын» және «Алтын глобус» пен BAFTA марапаттарын ұтып алды. 89-Оскар киножүлдесіндегі жеңісі арқылы ол Оскарға ие болған алғашқы мұсылман актері ретінде тарихқа енді.

Ол 2018 жылғы «Жасыл кітап» фильмінде Дон Ширлиді сомдап, екінші пландағы үздік актер номинациясын жеңу арқылы екінші Оскар сыйлығын алды. Осы рөлі үшін ол 2019 жылы «Алтын глобустың» екінші пландағы үздік актер сыйлығын, сондай-ақ екінші пландағы үздік актер номинациясында BAFTA сыйлығын алды.

Әли Арканзас штатындағы полиция детективі Уэйн Хейс рөлімен HBO-дың «Нағыз детектив» (True Detective) сериалының үшінші маусымында басты рөлде ойнайды. Маусым АҚШ-та 2019 жылғы 13 қаңтарда шықты.

2019 жылы Сан-Диегодағы Комик-Конда Blade фильмін таныстыру шарасындағы Әли

2019 жылғы шілдеде жыл сайынғы Сан Диего Comic-Con фестивалінде Әлидің тылсым суперқаһарман Блэйдті болашақтағы Marvel адаптациясында сомдайтыны жарияланды. Бұған дейін Блэйд рөлін Уэсли Снайпс сомдаған еді.

Музыка

Әли 2000 жылдардың соңында Bay Area компаниясының Hieroglyphics Imperium жазба белгісімен шартқа отырып, Prince Ali деген лақап атпен рэп музыкасын жазды. Ол өзінің Curb Side Service альбомын 2007 жылы шығарды, бірақ альбомды насихаттау үшін гастрольге шықпады, оның орнына актерлік карьерасына көңіл бөлуді таңдады.

Жеке өмірі

Әли — Ахмади мұсылман. Ол өз мысығын рэпердің атымен Нас деп атады. Ол актриса және музыкант Аматус Сами-Каримге үйленген. Олардың тұңғышы, қызы, 2017 жылы дүниеге келді.

Дискографиясы

Студиялық альбомдары

  • Curb Side Service (2007)

Фильмографиясы

Әли фильмдерінің толық емес тізімі:

Фильмдер

Жыл Атауы Рөл Ескертпелер
2003 Making Revolution Maк Ласлоу
2008 Umi's Heart Езра Қысқа фильм
Бенджамин Баттонның қызық оқиғасы Тиззи Уэзерс
2009 Crossing Over Детектив Стрикланд
2010 Predators Момбаса
2012 The Place Beyond the Pines Кофи Канкам
2013 Go for Sisters Дез
2014 Supremacy Көмекші Риверс
Аштық ойындары: Құйқылжық торғай - 1 бөлім Боггс
2015 Аштық ойындары: Құйқылжық торғай - 2 бөлім
2016 Kicks Марлон
Gubagude Ko Очоро Қысқа фильм
Free State of Jones Моузес Уошингтон
The Realest Real Министр Қысқа фильм
Ай сәулесі Хуан
Жасырын фигуралар Джим Джонсон
2017 Roxanne Roxanne Кросс
2018 Жасыл кітап Дон Ширли
Spider-Man: Into the Spider-Verse Аарон Дэвис / Проулер (дауыс)
2019 Alita: Battle Angel Вектор

Сериалдар

Жыл Атауы Рөл Ескертпелер
2001–2002 Crossing Jordan Доктор Три Сандерс 19 серия
2002 Haunted Алекс Далкур «Эбби» сериясы
NYPD Blue Рашард Коулман «Das Boots» сериясы
2003 CSI: Қылмыстарды тергеу Қабірлердің күзетшісі «Lucky Strike» сериясы
The Handler «Big Stones» сериясы
2003–2004 Threat Matrix Джелани Харпер 15 серия
2004–2007 The 4400 Ричард Тайлер 28 серия
2009 Lie to Me Детектив Дон Хьюз «Do No Harm» сериясы
Law & Order: Special Victims Unit Марк Фостер «Unstable» сериясы
2010 The Wronged Man Калвин Уиллис Телевизиялық фильм
All Signs of Death Гэбе Сатылмаған ТВ пилот сериясы
2011 Lights Out Дэт Роу Рейнольдс «Unaired Pilot» сериясы
2011–2012 Treme Энтони Кинг 6 серия
Alphas Нейтан Клэй 12 серия
2012 Alcatraz Кларенс Монтгомери «Кларенс Монтгомери» сериясы
2013–2016 Картадан тұрғызылған үй Реми Дэнтон 33 серия
2016 Luke Cage Корнелл «Коттонмаут» Стокс 6 серия
2017 Comrade Detective Коуч (дауыс) «Two Films for One Ticket» сериясы
2018 Room 104 Франко «Shark» сериясы
2019 Нағыз детектив Уэйн Хейс 8 серия
2020 Race for the White House Баяндаушы
Ramy Шейх Әли
Invincible Титан (дауыс)
Жоғары