Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қ

Мемлекеттік билік

  • Басты бет
  • Мемлекеттік билік

Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы. Мемлекеттік билік өз қырын өзгелерге тану үшін мәжбүрлеу күштеріне арқа сүйейді. Мәжбүрлеу жоқ жерде мемлекеттік билік те жоқ. Мәжбүрлеу тек тарихи жағдайға және билік болмысына қарай басқа мазмұнда, әр түрлі нысанда көрініс береді. Сондай-ақ, мемлекеттік билік қатынастары ырық жүргізу сипатында болады және өз құрылысына орай үстемдік пен бағыныштылық әрі жетекшілік пен мойынұсынушылықтан құрылады. Ол қызметіне қарай:

  • заң шығарушы;
  • атқарушы;
  • сот билігі;

болып бөлінеді. Билік объектісі мен субъектісінің қарым- қатынасына қарай

  • авторитарлық;
  • тоталитарлық;
  • демократиялық;

болып бөлінеді. Басқа қоғамдық билік түрлерінен ажыратуға негіз болатын Мемлекеттік биліктің белгілері мыналар:

  • пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі;
  • пәрменінің бүкіл қоғамға жүруі;
  • жария-саяси сипатта жүруі;

мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенуі және арнайы адамдар - мемлекеттік қызметкерлер арқылы жүзеге асырылуы.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 20, 2026

    Алаш автономиясы

  • Наурыз 21, 2026

    Атлант мұхиты

  • Наурыз 12, 2026

    Рим империясы

  • Наурыз 21, 2026

    Алгоритм

  • Сәуір 03, 2026

    Ақтөбе облысы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары