Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Меркі ауданы — Жамбыл облысының оңтүстігіндегі әкімшілік бөлік. 1928 жылы 26 қазанда құрылған. Ауданның аумағы 7,1 мың км². Аудан орталығы – Меркі ауылы.

Меркі ауданы

  • Басты бет
  • Меркі ауданы

Меркі ауданы — Жамбыл облысының оңтүстігіндегі әкімшілік бөлік. 1928 жылы 26 қазанда құрылған. Ауданның аумағы 7,1 мың км². Аудан орталығы – Меркі ауылы.

Қазақстан ауданы
Меркі ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Жамбыл облысы

Аудан орталығы

Меркі

Ауылдық округтер саны

14

Ауыл саны

45

Әкімі

Ербол Жұмабекұлы Жиенқұлов

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Меркі ауылы, Исмаилов көшесі, №169

Тарихы мен географиясы
Координаттары

42°52′48″ с. е. 73°10′48″ ш. б. / 42.88000° с. е. 73.18000° ш. б. / 42.88000; 73.18000 (G) (O) (Я)Координаттар: 42°52′48″ с. е. 73°10′48″ ш. б. / 42.88000° с. е. 73.18000° ш. б. / 42.88000; 73.18000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

7,1 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

88 633 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (72,17%), түріктер (10,95%), орыстар (6,98%), әзербайжандар (3,2%), өзбектер (2,32%), қырғыздар (1,51%), басқа ұлт өкілдері (2,87%)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

08

Меркі ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Меркі ауданы

Облыс картасындағы Меркі ауданы

Мазмұны

Географиялық орны, жер бедері

Қазақстан Республикасының оңтүстік шығысында, Алатаудың бөктерінде орналасқан. Оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен, шығысында облыстың Шу, солтүстігінде Мойынқұм, батысында Рысқұлов (бұрынғы Луговой) аудандарымен шектеседі. Ауданның оңтүстігі таулы келеді. Онда Қырғыз Алатауының Мүйіздіқара, Қараауыз, Құмбел, Қасқасу, Үңгірлі, Сандық, Шайсандық, Молалы таулары орналасқан. Ауданның орталығы және солтүстік бөліктері жазық. Солтүстігінде Мойынқұм құмына ұласып кетеді. Жер қойнауынан құрылыс материалдары, жер асты шипалы сулары (Меркі бұлақтары) барланған.

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Климаты континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық. Қаңтардың орташа температурасы –6 – 8°С, шілдеде 20 – 25°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері жазық өңірде 200 – 250 мм, таулы өңірде 450 – 500 мм. Негізгі өзендері: Қайнар, Меркі, Ойтал, Аспара және олардың тармақтары Мөңке, Қызтоғансай, Тоғайтал, Қарақау, т.б. Өзендердің барлығы Қырғыз Алатауының солтүстік беткейінен бастау алып ауданның орталық бөлігін кесіп ағатын Қорағаты өзеніне құяды. Тау бөктерінде қара, қызғылт қоңыр, жазықта сұр, бозғылт сұр, шалғынды сұр және құмды топырақ таралған. Кейбір жерлерінде сор, сортаң топырақ кездеседі. Өсімдіктерден арша, жабайы жеміс ағаштары, жазық өңірлерде бұта, бетеге, жусан, жыңғыл, сексеуіл, эфемер өседі. Жабайы жануарлардан тауда арқар, елік, суыр, қасқыр, түлкі, жазық жерлерде және қопалы-қорысты өзен-көл маңында қоян, саршұнақ, ақбөкен, т.б. кездеседі. Құстардан қырғауыл, кекілік, ұлар, бүркіт, сұңқар, қаршыға, т.б. мекендейді.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 40556 ▲54438 ▲69464 ▲73644 ▲76679 ▼73698 ▲76753 ▲87864

Тұрғындар саны - 84 760 адам (2019), ұлттық құрамы: қазақтар тұрады (71,98%), орыстар (7,35%), түріктер (10,83%), әзербайжандар (3,09%), өзбектер (2,30%), т.б. ұлт өкілдері (4,46%) тұрады. Ауданда 1 км² жерге 11 адамнан келеді.

Әкімшілік бөлінісі

45 елді мекен 14 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Ақарал ауылдық округі 3318 ▲4011 120,9 1617 ▲2029 125,5 1701 ▲1982 116,5
Ақермен ауылдық округі 1621 ▲2253 139 828 ▲1175 141,9 793 ▲1078 135,9
Ақтоған ауылдық округі 3392 ▲3664 108 1677 ▲1898 113,2 1715 ▲1766 103
Андас батыр ауылдық округі 8155 ▲9091 111,5 3922 ▲4510 115 4233 ▲4581 108,2
Аспара ауылдық округі 1662 ▼1596 96 841 ▲859 102,1 821 ▼737 89,8
Жамбыл ауылдық округі 9688 ▲10775 111,2 4755 ▲5317 111,8 4933 ▲5458 110,6
Жаңатоған ауылдық округі 3509 ▼3502 99,8 1785 ▼1764 98,8 1724 ▲1738 100,8
Кеңес ауылдық округі 3102 ▼2055 66,2 1580 ▼1080 68,4 1522 ▼975 64,1
Меркі ауылдық округі 13723 ▲17303 126,1 6696 ▲8578 128,1 7027 ▲8725 124,2
Ойтал ауылдық округі 9861 ▲11629 117,9 4686 ▲5691 121,4 5175 ▲5938 114,7
Рысқұлов ауылдық округі 3106 ▲3716 119,6 1569 ▲1908 121,6 1537 ▲1808 117,6
Сарымолдаев ауылдық округі 10486 ▲13575 129,5 5217 ▲6813 130,6 5269 ▲6762 128,3
Сұрат ауылдық округі 2500 ▲2618 104,7 1272 ▲1346 105,8 1228 ▲1272 103,6
Тәтті ауылдық округі 2630 ▼2076 78,9 1305 ▼1078 82,6 1325 ▼998 75,3
ЖАЛПЫ САНЫ 76753 ▲87864 114,5 37750 ▲44046 116,7 39003 ▲43818 112,3
Ірі елді мекендері:
Ауыл аты Халық саны (2021)
Меркі ▲17133
Сарымолдаев ▲11556
Жамбыл ▲6861
Меркі (станция) ▲6575
Андас батыр ▲5599
Ойтал ▲4963
Ақтоған ▲3183

Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі

Ауданда 1997 жылға дейін негізінен қант қызылшасы мен биязы жүнді қой, оған қосымша астық, етті-сүтті мал, жылқы, шошқа, көкөніс, бақша өсіруге маманданған 8 ұжымшар, 6 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. 1997 ж. бастап кеңшарлар мен ұжымшарлар таратылып, олардың орнына акциониерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, ЖШС-тер және шаруа қожалықтарына бірлесті.

Аудандағы өнеркәсіп кәсіпорындарының саны – 10; оның ішінде мемлекеттің қарауында 1 кәсіпорын жұмыс істейді, қалғандары (9) жеке меншік бірлікте. Шағын кәсіпорындарының саны 121; жеке кәсіпкерлердің саны 1707, оның ішінде орта кәсіпкерлер 37 бірлікті құрайды.

Ауданда шаруашылыққа пайдаланатын жердің жалпы аумағы 654,2 мың га (2001); оның ішінде жыртылған жердің аумағы 94,7 мың га, жайылымы 507,5 мың га, шабындығы 7,9 мың га. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының саны 870, оның ішінде акционерлік қоғамдар – 3, өндірістік кооперативтер – 2, фермерлік (шаруа) қожалықтар – 855, ЖШС-тер – 9.

Меркі ауданында 2001 ж. шаруашылығының барлық санаттарын қоса есептегенде 510 га жерге азықтық дақылдар отырғызылды. Астық дақылдылардан (барлығы 37.5 мың га) күздік бидай 27,4 мың га, жаздық арпа 10,1 мың га, жүгері 2,8 мың га жерге егілді. Қант қызылшасының аумағы 630 га жерді қамтыды. Аудан 2001 ж. 3473 т тірі салмақтағы ет, 13,8 мың т сүт, 252 т жүн, 1,2 млн дана жұмыртқа, 7,5 мың т картоп және 13,2 мың т көкөніс алды. Ауданда 20,1 мың ірі қара, 81,5 мың бас қой мен ешкі, 51,6 мың жылқы және 30 түйе болды (2001).

Әлеуметтік нысандары

Меркі ауданында әлеуметтік салада жалпы білім беретін 37 мектеп, 3 балабақша, 25 клуб, 2 аурухана, 1 емхана, 31 фельдшірлік-акушерлік және медициналық пункттер, 11 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, «Меркі» шипажайы жұмыс істейді.

Көпұлтты (30-дан астам ұлт өкілдері тұрады) ауданда бірнеше ұлттық мәдениет орталықтары бар. Олар: түрік (1991 ж. құрылған), корей (1999), неміс (1995), өзбек (1998), әзірбайжан (2000) және еврей (20'00) ұлттық мәдениет орталықтары.

Аудан жерінен Түркістан – Сібір, Луговой – Бішкек т.ж. Алматы – Тараз республикалық автомагистралі өтеді.

Меркі ауданы аумағында көне Меркі қалашығының орны, «Қара кемпір», «Шаңырақ», «Қаратөбе», «Ұлысай», «Атабайсай», «Көржайлау», «Жетітөбе», «Ақтоған», «Қарасай», «Жамбыл», «Мақанды», «Майтөбе», т.б. ежелгі тарихи және мәдени қорғандар, бекіністер мен қалашықтардың орны көптеп кездеседі.

Тарихы

Меркі туралы алғашқы дерек ІХ – Х ғасырларда жазылған Қудама Ибн Хордадбектің қолжазбаларынан көруге болады. Автор қаланы ірі елді-мекен ретінде көрсетіп кетеді. Ал толық сипаттама тек Әл-Макдисидің жазбаларында бар: «Мирки – орташа аумақты алып жатқан, бекемі мықты ішкі қамалы да бар қала. Соборлы мешітпен бірге шіркеуі де болған» – дейді.

VI–VIII ғасырларда қазіргі Меркі орнында көпестер мен қолөнершілер тұрған қала қалыптасып, ал оның айналасында шаруалар арпа-бидай егіп, бау-бақша, жүзімдіктер өсірген. Қала айналасында мал бағушы көшпелілердің көктемде жылқы мен қой табындарын таулы жайлауға айдап, ал күзде Балқаштың құмдақ даласына, Мойынқұмдағы қыстауға түсетін жолдары өткен. Олардың өмірі осылай жылдан-жылға, ғасырдан-ғасырға ұласып, жалғаса берген. Әуеліде олар сақтар, үйсіндер, ғұндар, ал кейін түркілер, түргештер, қарлұқтар, қыпшақтар, қазақтар аталған. Елді-мекендердің көпшілігі өзен жағасында немесе биік тау мен оның баурайындағы бастаулар мен бұлақтар жанында орналасты және олардың маңында ғибадатханалар, жартас суреттері мен мазарлар болды. Қола дәуірінде кен қазу, оны балқыту маңызды рөл атқарды. Мыс қоры бар жерлерде кен қазылып, қасында қола балқытылып, одан балта, орақ, түрлі әшекейлер, сүңгі мен садақ ұштары жасалды. Қыш шеберханаларында құмыралар жасалды. Меркі маңынан қола балталар, садақ ұштары мен қыш құмыралар табылды.

Меркі қалашығын алғаш рет 1893–1894 жылдары Орта Азияға ғылыми сапармен келген В.В. Бартольд зерттеді.

1936 жылы қалашықты Материалдық мәдениет тарихы институтының Жетісулық археологиялық экспедициясы мен КСРО ҒА Қазақстандық бөлімі А. Н. Бернштам жетекшілігімен зерттеді. Қалашық бетінен және оның құлама қабаттарынан жиналған қыштар ғалымның анықтауы бойынша, негізінен, VI–XV ғасырларға жатқызылады.

1964 жылы К. М. Байпақовтың жетекшілігімен Жетісу археологиялық экпедициясының Луговое бөлімі барлау қазбаларын жүргізді. Табылған археологиялық заттар қаланың VІІ–ХІІІ ғасырларда болғанын дәлелдейді.

1986–1987 жылдары Ә. Х. Марғұлан атындағы археология Институты ішкі қамалдың солтүстік қабырға жағындағы шахристанмен шекаралас төбешікте археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Ауданның елді мекендеріне ортақ оронимдер

Аралтөбе - таудағы жер атауы, тау ішіндегі жазықтықтың ортасында айғыржал іспеттес ұзыншақ төбе болғандықтан осылай аталған. Белсаз - тау ішіндегі жер атауы. Белдің өзінде қайнар суынан пайда болған сазды жер. Бес там - құм мал жайылымында Меркі мен Шу аудандарының шекарасында 5 үй тұратындықтан осылай аталған. Жалаңаштың жартасы - адам есімі, таулы аймақтағы жартасты жерде отырған бақуатты кісі болған. Күнгейсандық - тау беткейінде үнемі күн түсіп тұратындықтан осылай аталған. Қарасай - тау аңғары, оның жері де, онда өнген шөп те қарақошқылдау болып өнетіндіктен солай аталған. Қырық бақыр - құмның "Сарқобысының" төменгі жағындағы қазылған құдықтан малшылар малдарын бір мәрте суарғанда 40 шелектен артық су шықпайтындықтан осылай аталған. Орта құм - Меркі ауданына қарасты мал жайылым учаскесі. Орат құм деп аталуының сбебі ауданға қарасты құм мал жайылымының тең ортасында болғандықтан осылай аталған. Сандық - жан-жағы тау, жазық жер, қазақтың сандығының ішкі көрінісі бейнеленгендей. Жаз жайлауға шыққан малшылар үшін өткізілетін түрлі жиындар мен үлкен іс-шаралар осы жерде өткізіледі. Сусамыр - Меркі, Т.Рысқұлов аудандарының малшылары жаз жайлауда қоныстанатын Қырғызстан Республикасына қарасты Қырғыз Алатауының аймағындағы жайылымдық жер. Бұл жерді көп жылдардан бері екі аудан жалға алып пайдаланып келген. Сүйіндік - тау ішіндегі жер атауы, адам есімі. Кезінде өңірге белгілі бай болған деген аңыз бар.

Сұлусай - тау аңғары, оның беткейі мен жазығы жаз мезгілінде көкмайса шалғынды жер болғандықтан солай атаған.

Сарғобы - қамысы мен ондағы өнген шөптің бәрі сарғыш, әрі қалың қорыс болғандықтан Сарғобы атанған.

Сарғау - аудан орталығынан 65-70 шақырым қашықтықта орналасқан жазық алқап. Мұндау ауданның Андас батыр, Жаңатоған, Сұрат ауылдық округі аймағына қарасты егіндік алқап пен мал жайылым орындары бар.

Сулысай - аты айтып тұрғандай суы мол тау аңғары.

Тоғансай - тау ішіндегі тоған арыққа ұқсаған тау аңғары.

Шайсандық - тау аңғары, шай гүлдер көп өскен жер.

Шөлсай - аты айтып тұрғандай суы жоқ тау жайылымы. Малшылар малдарын осы төңірекке жайғанымен, малды басқа жақтан суғарады.

Меркі ауданының әкімдері

  • Тұрсынхан Мүсірәлиев (1995 - 1996)
  • Сергей Громов (1998 - 2001)
  • Бағлан Қарашолақов (2001 - 2004)
  • Болат Рысмендиев (2004 - 2010)
  • Сапарғали Жұмағұлов (2010-2013)
  • Бақтияр Көпбосынов (2013-тен бастап)
  • Жорабек Нұрмергенұлы Баубеков (2022 жылдың 16 мамырынан бастап)
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Сағат (ауыл)

  • Сәуір 04, 2026

    Шумер жазуы

  • Наурыз 24, 2026

    Дала зонасы

  • Сәуір 06, 2026

    Кіші Алматы

  • Сәуір 06, 2026

    Әкімшілік-аумақтық бөлініс

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары