Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Месопотамия ойпаты (Mesopotamіa – грек. mesos – аралығы, potamos – өзен) — Тигр мен Евфрат өзендерінің орта және төменгі ағысының алабында орналасқан ойпат.

Месопотамия ойпаты

  • Басты бет
  • Месопотамия ойпаты

Месопотамия ойпаты (Mesopotamіa – грек. mesos – аралығы, potamos – өзен) — Тигр мен Евфрат өзендерінің орта және төменгі ағысының алабында орналасқан ойпат.

A.
Месопотамия

Түгелдей дерлік Ирак жерінде, аздаған бөлігі Сирияға, Иранға және Кувейтке қарайды. Оңтүстік-шығысы Парсы шығанағымен шектеседі. Альпілік қатпарлы белдеу мен Араб платформасының аралығындағы тау алды шеткі иінінің орнында қалыптасқан. Парсы шығанағының теңіз шөгінділерінен және Тигр мен Евфрат өзендерінің аллювийлік шөгінділерінен тұрады.

Жер бедері тегіс, жазық. Орта тұсында және оңтүстігінде ең биік жері 100 м-ге жетпейді, ал шеттерінде 200 м-ге дейін барады. Солтүстігіне субтропиктік, оңтүстігіне тропиктік шөл климаты тән. Жазы өте ыстық, шілденің орташа температурасы барлық жерінде 36ӘС-тан астам, кей күндері 45 – 50ӘС-қа дейін жетеді. Ең салқын айдың орташа температурасы солтүстіктен оңтүстікке қарай –7ӘС-тан – 10ӘС-қа дейін өзгереді. Жылдық жауын-шашын мөлшері 100 – 200 мм. Ойпатпен солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Тигр мен Евфрат өзендері ағады. Парсы шығанағына 195 км қалғанда екі өзен бір арнаға бірігеді де, Шатт-әл-Араб деп аталады. Оған сол жағынан Карун саласы келіп қосылады. Өзендері көктемде тасиды. Шатт-әл-Арабты бойлап Басра қаласына дейін теңіз толысқан кезде ірі теңіз кемелері өтеді. Бұдан жоғарыда жергілікті шағын кемелер ғана жүзе алады. Өзен суы жер суаруға пайдаланылады. Негізінен дәнді дақылдар егіледі. Көпшілік бөлігінде субтропиктік және тропиктік шөл мен шөлейт өсімдігі, өзен жайылмаларында тоғайлар, оңтүстігінде құрма пальмасы өседі. Месопотамия ойпатында орасан зор мұнай қоры шоғырланған (Киркук, Румайла кен орны).

Ірі қалалары:

  • Бағдат
  • Басра
  • Абадан
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 07, 2026

    Зайырлы мемлекет

  • Сәуір 08, 2026

    Жетіжал (құм)

  • Сәуір 12, 2026

    Казахстанская правда

  • Сәуір 05, 2026

    Қаржы жүйесі

  • Сәуір 05, 2026

    XII ғасыр

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары