Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Микеланджело Буонарроти (толық аты-жөні – Микеланджело ди Лодовико ди Лионардо ди Буонарроти Симони) – итальян мүсіншісі, кескіндемеші, сәулетші әрі ақын.

Микеланджело Буонарроти

  • Басты бет
  • Микеланджело Буонарроти

Микеланджело Буонарроти (толық аты-жөні – Микеланджело ди Лодовико ди Лионардо ди Буонарроти Симони) – итальян мүсіншісі, кескіндемеші, сәулетші әрі ақын.

Микеланджело Буонарроти
Michelangelo di Lodovico Buonarroti Simoni
Даниэле да Вольтерра салған портреті
Даниэле да Вольтерра салған портреті
Туған күні

6 наурыз 1475 (1475-03-06)

Туған жері

Капрезе

Қайтыс болған күні

18 ақпан 1564 (1564-02-18) (88 жас)

Қайтыс болған жері

Рим

Шыққан жері

Флоренция республикасы

Жанры

Кескіндеме, мүсіндеме, сәулет, поэзия

Өнер ағымы

Ренессанс, Маньеризм

Атақты қолөнерлері

Адамның жаратылуы, Ватикандық Пьета, Давид, Мадонна, Сикстин капелласының төбесі

Марапаттаушылары

Лоренцо Медичи, Юлий II, Лев X, Павел III

Микеланджело Буонарроти Ортаққорда

1475 ж. 6 наурызда қазіргі Капрезе-Микеланджело, Тосканада ақсүйек отбасында туған. Кескіндемеші Гирландайо мен мүсінші Бертольдо ди Джованниден (1488 – 90) дәріс алды. Жас кезіндегі шығармаларынан-ақ (“Баспалдақ қасындағы Мадонна”, “Кентаврлар шайқасы” атты бедерлі мәрмәр, 1490 – 92 ж. шамасы) оның шығармашылығының өзіндік басты белгілері айқын аңғарылды. Римде ол “Вакх” мүсінін (1496 – 97, Флоренция, Ұлттық мұражай) жасап, көне заман ескерткіштерімен әуестенеді. 1501 ж. Флоренцияға оралып, Медичи озбырлығының бұғауын бұзған республика азаматтарының ерлігін бейнелейтін шығармалар жасауға кірісті. Ол сомдаған орасан зор Давид мүсіні (1501 – 04, Флоренция, Көркемсурет академиясының галереясы) құдіретті күш, ерлік, жігер туралы паш етеді.

1505 ж. Папа Юлий ІІ Римге шақырып, оған құлпытас жасауды тапсырады. Құлпытасқа арнап ол бірнеше мүсіндер жасады: “Моисей” (1516, Рим, Сан-Пьетро ин Винколи шіркеуі), “Көтеріліске шыққан құл” және “Хал үстіндегі құл” (екеуі де 1513 – 16, Париж, Лувр). Мүсінші тасты жан-жағынан бірдей қашамай, белгілі бір жерлерін ғана өңдеді. Әрбір фигуралар мен жеке көріністер мөлдір айқындығымен ерекшеленеді, сондай-ақ көлемі жағынан көл-көсір бұл жазбалардың біртұтас сән-салтанаттылығы анық байқалады. 1534 ж. ол Римге біржола көшіп келіп, “Аяусыз жаза” атты орасан зор фреска (1536 – 41) жасайды.

Өмірінің соңғы 30 жылында мүсін мен кескіндемеден бірте-бірте алшақтап, негізінен, сәулет өнерімен және поэзиямен айналысады. 1523 – 34 ж. ол Флоренцияда сәулетші ретінде Лауренциана кітапханасының ғимаратын тұрғызды. 1546 жылдан бастап өмірінің соңына дейін негізгі еңбегі Римдегі Әулие Петер базиликасы мен Капитолий ансамблін салу болды (екеуі де автор қайтыс болғаннан кейін аяқталды). Оның лирикасы терең ойлы, асқақ трагизмге толы. Мадригал мен сонет жанрында жырлады. 1564 ж. 18-ақпанда Римде қайтыс болды. Өлеңдері алғаш 1623 ж. басылды.

  • Ватикандық Пьета
    Ватикандық Пьета
  • Давид
    Давид
  • Мадонна Брюгге
    Мадонна Брюгге

Сикстин капелласының төбесі

  •  
    Адамның жаратылуы
  •  
    Нойдың мастануы
  •  
    Иоиль пайғамбар
  •  
    Ливиялық Сивилла
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 06, 2026

    Балықшы ауданы

  • Сәуір 05, 2026

    Әбубәкір Кердері

  • Сәуір 04, 2026

    Шерубайнұра бөгені

  • Сәуір 02, 2026

    Жазушы баспасы

  • Сәуір 04, 2026

    Ультракүлгін сәулелену

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары