Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Сүлеймение мешітіСелимие мешітіСоколлы Мехмет Паша мешітіМихримах сұлтан мешітіҚылыш Әли паша кешеніШаһзада мешітіХасеки Хүррем сұлтан моншасы

Мимар Синан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қожа Мимар Синан аға
осман. خواجه معمار سنان آغا — {{{2}}}
Жалпы мағлұматтар
Азаматтығы

 Осман империясы

Туған күні

15 сәуір 1489 (1489-04-15)

Туған жері

Ағырнас, Ұлы Османлы Мемлекеті

Қайтыс болған күні

17 шілде 1588 (1588-07-17)(99 жас)

Қайтыс болған жері

Ыстанбұл, Ұлы Османлы Мемлекеті

Жұмысы мен жетістіктері
Басты құрылыстары

Сүлеймение мешіті
Селимие мешіті
Соколлы Мехмет Паша мешіті
Михримах сұлтан мешіті
Қылыш Әли паша кешені
Шаһзада мешіті
Хасеки Хүррем сұлтан моншасы

Қожа Мимар Синан аға (осман. خواجه معمار سنان آغا — Hocah Mi'mar Sinan Ağa, толық есімі – Әбділменнанұлы Синанеддин Жүсіп (түр. Abdülmennan oğlu Sinaneddin Yusuf), қысқаша есімі – Мимар Синан (түр. Mimar Sinan); 15 сәуір 1489 жыл – 17 шілде 1588 жыл) — османлының сәулетшісі және инженерлердің ең атақтысы. 1538 жылдан бастап I Сүлеймен, II Сәлім, III Мұрат замандарында мешіт, көпір салу және т.б. мемлекеттік істермен айналысқан.

Мимар Синан ескерткіші, Анкара
Сүлеймание мешіті.
Селимие мішіті.
Сүлейманнаме, Канунидің мавзолейін салу барысында Мимар Синан
Мимар Синан мазары. Сүлаймание мешіті, Халич тарапы..
Мимар Синан кратері - Меркурий планетасы

Өмірбаяны

Балалық шағы

Христиан отбасында, кей деректерде армян отбасында дүниеге келген (басқа мәліметтер бойынша, грек отбасында) 1489 жылдың 15 сәуірінде Қайсері қаласында Анадолы провинциясында туған. Армян отбасында дүниеге келген деген болжам Түркияда XX ғасырдың ортасында сөз болған емес.

Әскер қатарында

1512 жылы оны ата-анасынан девширме (осман. دوشيرمه — Devşirme) алу арқылы әскер қатарына алды. Девширме мұсылман емес отбасыларынан әскер қатарына, ұл балаларды салық ретінде алудың бір түрі болған. Синан жаңа шеріктер қатарына алынды. Синан әскер қатарында 23 жасында Ислам дінін қабылдады. Ол жоғаршы империялық Ендерун мектебіне жарамсыз болып, қосалқы Империя колледжіне жіберілді. Үш жылдан кейін Минан колледжді бітіріп, білікті архитектор-инженер болып шықты.

Әбділменнанұлы Синанеддин сәулетші ретінде Жауыз Сәліммен бірге Мысыр жорығына қатысты. 1521 жылы Заңшы Сүлейменнің Белград жорығына жаңа шерік ретінде қатысты. Оқуға түскеннен кейін алты жылдан соң 1522 жылы атты әскер қатарында Родос аралына және Белград жорығына қатысты.

Сәулет өнері дәуірінің басталуы

Шайқас уақытында Синан қамалдардың осал, әлсіз жерлерін зерттеумен айналысты. 1525 жылы Бағдат жорығына қатысып, патшалық қарауылдың командирі болды әрі Ван көліндегі құрылыс нысандарын басқарды. 1537 жылы Молдова жорығына қатысты. Осы жорықта Синан I Сүлейменнің назарына түсті. Ол осы жорықта Прут өзені арқылы небәрі бірнеше күнде көпір салдырған болатын.

Осы жорықтардың барлығында Синан өзін білікті сәулетші ретінде көрсете білді. 1538 жылы Каир қаласы алынған уақытта, сұлтан Синан сарайдың бас сәулетшісі етіп тағайындады. Әрі өзіне ұнамаған қаланың қалаған ғимаратын бұзуға рұқсат берді.

Синан 1538 жылы бас сәулетші болып I Сүлеймен, II Сәлім және III Мұрат замандарында 50 жыл бойы сәулет нысандарын салумен айналысты. Синан өмір жолында 300-ге жуық ғимараттар — мешіттер, медреселер, ауруханалар, емханалар, сарайлар, моншалар, керуен-сарайлар, мазарлар, бұрқақтар салдырды.

Синанның құрметіне Меркурийдің бір кратерінің есімі аталған.

Екі рет Меккеде қажылық жасады.

Отбасылық жағдайы

Бәйбішесі Гүлрух, тоқалы Михри. Михридің мазары Конья қаласында орналасқан. Бес қызы, екі ұлы, отыз бес немересі болған. Немересі Мехмет бейдің қызы Фатима ханымның мазары Эдирнеде Назир Чешмесі мазарында орналасқан.

Синанның 971 һижри жылында жазған өсиетнамасында, 25 жыл бас сәулетші жылдарында біршама дүниесі, құл-күңдері болғандығын жазған. Өзі дүние салған соң құл-күңдер азат етілсін деген. Осы өсиетнамасында 23 үйі, 34 дүкені, 1 диірмені, 1 бақшасы, 2 мәнзил-үй, 5 су алатын орын, 3 кеңсе, 1 мешіті болғандығы жазылған.

Атқарған негізгі жобалары мен жұмыстары

Мимар Синан салдырған ғимараттар жайлы негізгі мақала Мимар Синан ғимараттары.

Мимар Синан 92 жұма мешіті, 52 мешіт, 57 медресе, 7 дарул қурра-қарылар медресесі, 22 мазар, 17 имарет, 3 емхана, 5 су жолы, 9 көпір, 20 керуен-сарай, 36 сарай-қамал, 8 қойма, 48 монша барлығы 375 ғимараттың салынуына себепші болған.

Салған негізгі мешіттері

  1. Сүлеймение мешіті, Ыстамбұл
  2. Шаһзада мешіті, Ыстамбұл
  3. Хасеки мешіті, Ыстамбұл
  4. Михримах cұлтан мешіті, Ыстамбұл

және бұдан басқа 90 жуық үлкен мешіттер

Салған үлкен медреселері

  1. I Сүлеймен медресесі, Мекке
  2. I Сүлеймен медреселері, Ыстамбұл
  3. I Сәлім медресесі, Ыстамбұл
  4. I Сәлім медресесі, Шорлы
  5. II Сәлім медресесі, Эдирне
  6. Мехмет шаһзада медресесі, Ыстамбұл

Жалпы медреселер саны 57.

Көпірлері

  1. Биікшекмеже көпірі
  2. Силиви көпірі (Сұлтан Сүлеймен көпірі)
  3. Мұстафа паша көпірі
  4. Соколлы Мехмет паша көпірі
  5. Одабасы көпірі
  6. Қапыағашы көпірі
  7. Мехмет паша көпірі
  8. Соколлы Мехмет паша көпірі
  9. Сұлтан Сүлеймен көпірі

Күллиелері

Күллие (түр. Külliye) Ұлы Османлы Мемлекеті заманындағы ғимараттың түрі. Күллие мешіт, медресе, имарет, мазарлар, монша, асүйі, емхана, аурухана, мектеп, сопылар үйі (текке), кітапханалардан құралған ғимаратардың жиынтығы.

  1. Хасеки күллиесі
  2. Соколлы Мехмет паша күллиесі

Салған басқа да ғимараттары

Сол заманғы колледж ретінде Құранды толық жаттататын медреселер салдырды. Сол заманда сол медреселер "дарул қурра" деп аталаған.

Бұдан бөлек жоқ-жітіктерге көмек ретінде имареттер салдырды. Имарет Ұлы Османлы Мемлекеті заманында жоқ-жітікке көмек беру үшін ашылған нысандар. Ішінде жататын орын, асхана, үлкен аула және т.б. болады.

Түркияның сыртындағы салған ғимараттары

Нысандар
АталуыОрналасқан жеріСалынған жылдарыНысан түріҚазіргі күні
Әбділқадір Жейлани мешітіБағдат1134-1135МешітМешіт
Әбділқадір Жейлани теккесіБағдат1134-1135Сопылар үйі
Әділие (Дукакинзада Мехмет паша) мешітіХалеп1565-1566МешітМешіт
Босняк Мехмет паша мешітіСофия1547-1548МешітШіркеу
Шәріп (Хасеки) имаретіҚұдысИмаретИмарет
Хасеки имаретіҚұдысИмарет
Қысырау Паша (Хусревие) мешітіХалепМешітМешіт
Қысырау Паша (Хусревие) медресесіХалеп1545-1546МедресеДінтану лицейі
Ағзам Имам Әбу Ханифа мешітіБағдат1534-1535МешітМешіт
Ағзам Имам Әбу Ханифа теккесіБағдат1534-1535Сопылар үйіСопылар үйі
Мақтұл Аяз паша мешітіБасраМешітМешіт
Әл-Харам мешітіндегі қосымша жұмыстарМеккеМешітМешіт
Мұрат паша мешітіБағдат1570-1571МешітМешіт
Соколлы Мехмет паша (Дрина) көпіріВишеград1577-1578КөпірКөпір
Сұлтан Сүлеймен (Селимийе) медресесіДамаскМедресе
Сұлтан Сүлеймен имаретіДамаскИмарет

Мимар Синан университеті

Мимар Синан университеті 1882 жылы археолог, сәулетші, суретші Осман Хамди бейдің ықпалымен Санайы Нефисе мектебі (түр. Sanayi-i Nefise Mektebi) деген атпен құрылған. 1883 жылдың 2 наурызында 8 мұғалім 20 оқушымен дәріс беруін мектеп ретінде бастаған. 1914 жылға дейін мектеп ретінде жұмыс істеп келді. 1928 жылы Көркемөнер Академиясы болды. Бұл Түркиядағы бірден-бір жоғарғы оқу орны болды. 1969 жылы Ыстамбұл Көркемөнер Академиясы болып өзгертілді. 1982 жылы Мимар Синан университеті болып атауы өзгертілді. 2003 жылы Мимар Синан көркемсурет университеті болып өзгертілді.

1959 жылдан бері университет 4 жылдық бағдарлама бойынша білім береді.

Осман Хамди бейдің басшылығындағы Санайы Нефисе бастауыш мектебінің сол кездегі кадрлары:

  1. Осман Хамди бей (директор)
  2. Осман әпенді
  3. Александре Валаури
  4. Сальвадор Валери
  5. Варния Зарзески
  6. Аристоклис әпенді
  7. Қаймақам Хасан Фуат бей
  8. Қолағасы Жүсіп Рами әпенді
  9. Мосио Напиер

Синан кратері

Меркурийде орналасқан Синан кратерінің диаметрі 147 км. Йейтса кратерінің солтүстік-шығысы мен Ли Бо кратерінің оңтүстік-шығысында орналасқан. Координаттары: 15,5 ° с.е., 29,8 ° ш.б.. Кратерге Синанның есімі 1976 жылы Халықаралық астрономиялық одақтың шешімімен берілді.

Мимар Синанның мазары

Синанның мазары Ыстамбұлда Сүлеймение мешітінің жаңында, Халич тарапында орналасқан. Мазарында "Бұл жаһаннан пір Мимар Синан кетті", түрік тілінде “Geçdi bu demde cihandan pir-i mimaran Sinan” деп жазылған.

Түрік тіліндегі жазуларды математикалық жолмен есептесе Мимар Синанның дүниеге келген және қайтыс болған жылдары шығады. Кайсери 1490 – Стамбұл 1588 (Һижри жыл санағы бойынша 996).

Сүлеймение мешітінің ескі ағалар қақпасының бұрышында, үш бұрыштың бұрышы тәрізді екі жолдың қиылысында орналасқан Мимар Синанның мазары Синанның көзі тірісінде, қайтыс болудан біраз бұрын өзі салдырған.

1933 жылы сәулетші Мимар Уасфи Егелінің басшылығымен жаңғырту жұмыстары жасалған.

Галерея

Сілтемелер

  • Ортаққор логотибі Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Мимар Синан
Жоғары