
Музыкалық фильм — кейіпкерлердің әндері оқиға желісімен ұштасып жататын, кейде бимен сүйемелденетін дыбысты киноның жанры. Бұл кино өнері жанрының басты ерекшелігі — фильмдегі актерлер диалогтарға қатысып қана қоймай, сюжетті толықтыратын әндерді де орындайды. Әндер көбінесе сюжетті алға жылжытады немесе кейіпкерлердің мінезін аша түседі, бірақ кей жағдайда олар жай ғана оқиға желісін үзу қызметін атқарады, көбінесе күрделі қойылымдық нөмірлер ретінде көрініс табады.
Музыкалық фильмдердің көпшілігі мюзиклдер мен оперетталардың негізінде түсіріледі. Сондай-ақ музыкалық фильмдер басты рөлдерді сомдауға шақырылған кәсіби әншілер үшін өте ыңғайлы форматқа айналып жатады. Бұған қоса, актерлер ән айтпайтын, бірақ музыка ырғағымен билейтін және бұл билер сюжеттің бір бөлігі болып табылатын фильмдер де музыкалық фильмдер қатарына жатады.
Музыкалық фильм дыбысты кино технологиясы пайда болғаннан кейін сахналық мюзиклдің табиғи жалғасы ретінде дүниеге келді. Әдетте, фильм мен сахналық мюзиклдің ең үлкен айырмашылығы — театрда жүзеге асыру мүмкін емес зәулім фондық декорациялар мен шынайы түсірілім алаңдарын қолдануында.
Әдебиет
- The Hollywood Musical — 2nd. — New York: Portland House. — ISBN 978-0517060353
- McGee, Mark Thomas. The Rock and Roll Movie Encyclopedia of the 1950s. Jefferson, N.C.: McFarland & Co., 1990. 0-89950-500-7.
- Padva, Gilad. Uses of Nostalgia in Musical Politicization of Homo/Phobic Myths in Were the World Mine, The Big Gay Musical, and Zero Patience. In Padva, Gilad, Queer Nostalgia in Cinema and Pop Culture, pp. 139–172. Basingstock, UK and New York: Palgrave Macmillan, 2014.
- Hollywood Musicals — New York: H.N. Abrams. — ISBN 978-0810910751
- A song and a dance: Why they don't make musicals like they used to, The Boston Phoenix (21 July 1981). Тексерілді 9 сәуірдің 2024.
- Кино жанрлары