| Мыңкісі Байсалұлы | |
| Туған күні | 1793 |
|---|---|
| Туған жері | Үлек, Маңғыстау облысы |
| Қайтыс болған күні | 1838 |
| Азаматтығы |
|
| Ұлты | қазақ |
| Қызметі | сынықшы, емші, шипагер |
| Әкесі | |
| Балалары | Құлшар, Қызықбай, Жауғашты, Өтеу, Бітім |
Мыңкісі Байсалұлы (шамамен 1793–1838, Маңғыстау түбегі) — сынықшы, емші, шипагер ретінде халқына адал қызмет еткен әруақты ата.
Өмірбаяны
Ата қонысы – Үлек құдығы. Мыңкісі – әкесі Байсалдың егде шағында зарығып көрген, Бекет ата аян берген перзенті. Мыңкісі есімі Бекет атаның өсиетімен қойылған. Оның Құлшар, Қызықбай, Жауғашты, Өтеу, Бітім атты ұлдарының бәрі, немерелері де емшілік, көріпкелдік қасиеттерімен халық жадында сақталған. Бұлардың ұрпақтары қазір Маңғыстау облысында өмір сүреді.
Ал Мыңкісі қайтыс болғанда мүрдесі қазіргі Ақшымырау ауылынан 25 шақырым жердегі Алатөбе басындағы қорымға қойылған. Бұл күндері қорым «Мыңкісі қорымы» деп аталады.
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 1793 жылы туғандар
- Маңғыстау облысында туғандар
- 1838 жылы қайтыс болғандар
- Қазақ емшілері