Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Бүкілүндістандық мұсылмандар лигасы (ағылш. All-India Muslim League) — Британдық Үндістанды (1947) бөлген кезде мұсылман мемлекетін құру қозғалысын басқарған са

Мұсылмандар одағы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)

Бүкілүндістандық мұсылмандар лигасы (ағылш. All-India Muslim League) — Британдық Үндістанды (1947) бөлген кезде мұсылман мемлекетін құру қозғалысын басқарған саяси топ. Одақ 1906 жылы құрылған, 1913 жылы Үндістан өзін-өзі басқаруы тиіс деген өзінің саяси мақсатын алға қояды.

Бірнеше онжылдықтар бойы үнді-мұсылман бірлігі үшін күрескен, бірақ 1940 жылы индуистердің үстем болып кетуінен қауіптеніп, үнді мұсылмандары үшін жеке мемлекет құру үшін күресті.

Пәкістан қалыптасқаннан кейін Одақ (Бүкіл Пәкістандық мұсылмандар одағы ретінде) Пәкістанның үстемдік танытқан саяси партиясы болды, бірақ оның ықпалы біртіндеп төмендеді, 1970 жылдарға таман партия әрекет етуін тоқтатты.

Тағы қараңыз

  • Мұхаммед Әли Джинна
Жоғары