Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Баймұхамедов Мұхамеджан (1811 — 19.4.1896) — Ресей армиясының генерал-майоры (1869), Әбілқайыр ханның шөбересі, генерал-майор Айшуақов Баймұхамедтің баласы.

Мұхамеджан Баймұхамедов

  • Басты бет
  • Мұхамеджан Баймұхамедов

Баймұхамедов Мұхамеджан (1811 — 19.4.1896) — Ресей армиясының генерал-майоры (1869), Әбілқайыр ханның шөбересі, генерал-майор Айшуақов Баймұхамедтің баласы.

Мұхамеджан сұлтан
Мұхамеджан Баймұхамедов
Портрет Степан Александровскидікі, 1889
Лауазымы
Кіші жүздің орта бөлігінің билеуші-сұлтаны
1855 — 1869
Ізашары Арыстан сұлтан
Ізбасары Билеуші-сұлтандық билік жойылды
Өмірбаяны
Діні Мұсылман
Дүниеге келуі 1811 (1811)
Қайтыс болуы 1896 (1896)
Династия Төре
Әкесі Баймұхамед сұлтан
Балалары Азаматкерей Салим-герей Чингалия Сейдмұхамед Нуфата
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Ресейдің отарлау саясатын қолдаушы. Әкесінің жолын қуып, жергілікті әкімшілік қызметте болған.Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісті басуға араласып, хорунжий атағын алған (1839). 1841 жылы 28 ақпанда Кіші жүздің батыс бөлігіндегі 8-дуан басшысы болып тағайындалған. Қазақ даласында Ресей отаршылдығы тәртібінің орнығуына ат салысып, түтін салығын жинаумен, қолға түскен орыс тұтқындар мен қашқындарды босатумен, орыс көпестерінің, керуендерін күзету ісін ұйымдастырумен, т.б. шаруалармен шұғылданған. Маңғыстаудағы Ново-Петровск бекінісінің салынуына көмектескені үшін 1846 жылы 14 қарашада старшина атағына ие болған. 1846—1847 жылдары Кіші жүз қазақтары өкілдерінің қатарында Санкт-Петербургте император Николай І-нің қабылдауында болды. Сол қалада ұлы князь, болашақ император Александр ІІ-нің ординареці міндетін атқарды. 1853 жылы Орынбор әскери губернаторы В.А. Перовскийдің экспедициялық корпусы құрамында Ақмешітті алуға қатысқаны үшін подполковник шенін алды. Перовскийдің ұсынысымен, 1855 жылы 15 қарашада Кіші жүздің орталық бөлігіне аға сұлтан болып тағайындалды. 1855 — 1956 жылдары Есет Көтібарұлы қозғалысын басуға, орыс әскерлерінің 1865 жылы Ташкентті, 1873 жылы Хиуаны жаулап алу жорықтарына қатысты. Орск —Ырғыз—Қазалы—Перовск почта желісін салғызды, далалық мектептер аштырды. Патша үкіметіне сіңірген еңбегі үшін І-дәрежелі Станислав, І-және ІІІ-дәрежелі Анна ордендерімен, 1853—1956 жылы Қырым соғысы құрметіне арналған қола медальмен марапатталды. Санкт-Петербург пен Мәскеуде бірнеше рет болған. Далалық өлкеден Александр ІІІ мен Николай ІІ-нің императорлық таққа отыру рәсімдеріне шақырылған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Көмекші сөздер

  • Наурыз 12, 2026

    Есім хан

  • Сәуір 11, 2026

    Қызылорда округі

  • Сәуір 15, 2026

    Әл-Кәфирун сүресі

  • Сәуір 12, 2026

    Теңіз көлігі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары