Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

МҰХАММЕД І, Боғра хан, Мұхаммед бин Юсуф – Шығыс Қарахан қағанатының билеушісі (шамамен 1056 – 1057/58). Әкесі Қадыр хан Юсуф Қашқар билеушісі болған. 1032 жылы

Мұхаммед I

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

МҰХАММЕД І, Боғра хан, Мұхаммед бин Юсуф – Шығыс Қарахан қағанатының билеушісі (шамамен 1056 – 1057/58). Әкесі Қадыр хан Юсуф Қашқар билеушісі болған. 1032 жылы әкесі өлгеннен соң, орнына ағасы Арслан хан Сүлеймен отырды да, Мұхаммед I Тараз және Исфиджаб аймағының билеушісі болды. Мұхаммед I ұазнауи әулетіне және өзінің туған ағасы Арслан ханға қарсы шығып, Салжұқтар әулетімен байланыс орнатты. Имам Әбу Садық Тебанидің арқасында, Мұхаммед I ағасы Арслан ханмен, ұазнауи әулетімен татуласып, Мауереннахрда Боғра хан есімімен теңге соғуға қол жеткізген. Исламтанушылар Мұхаммед I-нің 1044 – 1045 жылы шийттер қозғалысын басып, қанды қырғын жасағаны, өмірінің соңғы кезеңінде ағасы Арслан ханды тақтан қуып, өзі билікке келгені және оған әйелі у беріп өлтіргені жайлы деректер келтіреді.

Сілтемелер

Жоғары