| Мұқан Төлебаев | |
| |
| Негізгі ақпарат | |
|---|---|
| Туған кездегі есімі | Мұхаммедсәлім Төлебаев |
| Туған күні | 13 наурыз 1913 |
| Туған жері | Қарашыған шатқалы, Сарқан ауданы, Жетісу облысы, Ресей империясы |
| Қайтыс болған күні | 2 сәуір 1960 (47 жас) |
| Қайтыс болған жері | Алматы, Қазақ КСР, КСРО |
| Мемлекет |
|
| Мамандықтары | композитор, дирижер, педагог |
| Жанрлары | опера |
| Қолтаңбасы | [[Сурет:|128px]] |
Мұқан Төлебаев (13 наурыз 1913, Қарашыған шатқалы, Сарқан ауданы, Жетісу облысы — 02 сәуір 1960, Алматы) — қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық артисі (1959), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1949), бұрынғы ҚР әнұраны авторларының бірі.
Өмірбаяны
- Мұқан Төлебаев 1913 жылы 13 наурызда бұрынғы Талдықорған облысы, Бөрлітөбе ауданында дүниеге келген.
- Төлебаев орта мектеп бітірген соң Алматы педагогикалық училищесінде оқиды (1933). Осы кезде аудандық «Жұмысшы жастар» театрын ұйымдастырады.
- Алматыда өткен халық өнерпаздарының бүкіл қазақстандық 1-слетіне қатысып (1934), әнші ретінде көзге түседі.
- Мәскеу консерваториясы жанынан ашылған Қазақ студиясына оқуға түседі (1936).
- 1941-1945 жж. Е. Брусиловскийден сабақ алған. Ол Е. Брусиловскиймен бірлесіп «Аманкелді» операсын жазған.
- Дирижëрлікті Леонид Шаргородскийден үйренген.
- Қазақтың халық аспаптар оркестрінің дирижëрі қызметін атқарады (1942-1944).
- Мәскеу консерваториясын (Маяковский мен Ференнің композициясы класы бойынша) бітіріп шығады (1951).
- Мұқан Төлебаев соғыста алған жарасы қатерлі ісікке айналып 47 жасында дүниеден озған.
Шығармашылығы
Мұқанның анасы Тәжібала мен туған нағашысы Апырбай ақындық, әншілік, күйшілік өнерімен төңірегіне танылған адамдар. Бұл болашақ композитордың өнерге жастайынан бейімделіп, бойындағы бұла дарынның қанаттануына себепші болған. Жалпы М. Төлебаев шығармаларындағы музыкалық – эпикалық үрдістің бел алып жататыны, оның ұдайы халық өнеріне табан тіреп, халықтың бай музыкалық қазынасынан шабыт алып отыратынын аңғартады.
М. Төлебаев туындатқан опералардың, оркестрлік немесе вокалды-симфониялық шығармалардың, камералық-аспаптық пьесалардың, әндер мен романстардың қай-қайсысы да терең сезімталдығымен, музыкалық тілінің шыншылдығымен, өзіндік қолтаңбасымен дараланып отырады. Оның шығармаларының көркемдік қуаты тегеурінді, парасат-пайымы өрелі, көркемдік-идеялық бағыты айқын, ұлттық-төлтумалық бояуы қанық.
М. Төлебаев қысқа ғана ғұмырында жүзден астам музыкалық шығармалар туындатып үлгерген. Бұлардың ішінде опералық, контаталық-ораториялық және ән-романстық шығармалары айрықша ден қойдырады.
Әсіресе, «Біржан-Сара» операсы оның композиторлық дарынының шырқау шыңы ғана емес, сонымен бірге қазақтың XX ғасырдағы музыкалық мәдениетінің ең көрнекті табыыстарының бірі. «Біржан-Сара» операсы өзінің полифониялық болмысына қарамастан, ұлттық нәрі құнарлы туынды. Нағыз өнердің табиғатына тән төлтумалық «Біржан-Сара» операсының өнбойынан айқын аңғарылып отырады.
М. Төлебаев қазақтың кәсіпқой музыкалық мәдениетін қалыптастырып, орнықтырушы хас дарындардың бірі.
Қызықты фактілер
- Қазақстан Республикасы алғашқы әнұраны авторларының бірі.
- Мұқан Төлебаев - жаңашыл композитор. Ол бірінші болып кантата, симфониялық поэма жазған.
- М. Төлебаев, А. Жұбанов, Е. Брусиловский, В. Великанов, Л. Хамиди, С. Шабельский, Б. Ерзакович - жетеуі 1939 жылы Қазақстан Композиторлар одағын құрған.
- «Біржан-Сара» операсы оның композиторлық дарынының шырқау шыңы ғана емес, сонымен бірге қазақтың XX ғасырдағы музыкалық мәдениетінің ең көрнекті табыстарының бірі. «Біржан-Сара» операсы өзінің полифониялық болмысына қарамастан, ұлттық нәрі бар құнарлы туынды.
- Өмірінің соңғы жылдарында композитор лирикалық-драмалық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» операсын бастайды, бірақ композитор кенеттен дүние салып, бұл шығарма аяқталмай қалады.
Атақтары
- КСРО Композиторлар одағының мүшесі (1942);
- Қазақстан Композиторлар одағы басқарма мүшесі (1948); *Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының төрағасы (1956-1960).
- 13 наурызда туғандар
- 1913 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Сарқан ауданында туғандар
- 2 сәуірде қайтыс болғандар
- 1960 жылы қайтыс болғандар
- Алматыда қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша музыканттар
- КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері
- Қазақ мәдениет саласының тұлғалары
- Қазақстан сазгерлері
- КСРО халық әртістері
- КСРО сазгерлері
- Қазақстан дирижерлері
