Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Мерием Саһра Үзерли (түр. Meryem Sahra Üzerli) 1983 жылы 12 тамыз күні дүниеге келген) – түрік-алман актрисасы.

Мәриям Үзерлі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мерием Үзерли
Жалпы мағлұмат
Туған күні

12 тамыз 1983 (1983-08-12)(42 жас)

Азаматтығы

 Германия

Мамандығы

Актриса

Мерием Саһра Үзерли (түр. Meryem Sahra Üzerli) 1983 жылы 12 тамыз күні дүниеге келген) – түрік-алман актрисасы.

Өмірбаяны

Мәриям 1983 жылы 12 тамызда Германияның Кассел қаласында Құсайын атты түрік пен Урсула есімді германның отбасында дүниеге келген. Отбасындағы үшінші бала, одан үлкен біржатырлы егіздер анасы Урсуланың бұрынғы отбаында туылғандар – Денни және Кристофер, Мәриямнан кіші оның туған сіңілісі – Джанан бар.

2000-2003 жылдар аралығында Гамбург қаласында «Schauspielstudio Frese» драмалық студиядан актерлік шеберлік сабақтарын алған. Кішігірім театралдық қойылымдарына қатысқан. 2003-2008 жылдар аралығында қысқақойылымды алмандық фильмдерінде ойнаған. 2011-2013 жылдар аралығында Темір Савжының ұсынысы бойынша оған бүкіләлемдік атақ алып келген Ұлы Османлы Мемлекетінің 10-шы сұлтаны I Сүлейменнің өмірі мен махаббаты жайлы қойылған «Тамаша ғасыр» телехикаясында Хүррем сұлтанның рөлін ойнаған. 2013 жылдың 16 мамырында Мәриям Үзерли Ыстанбұлдан Берлинге ұшып кетті. Оның айтуы бойынша: «Тамаша ғасыр» телехикаясының әрбір бөлімінің ұзақтығы 100-120 минуттан, оны түсіруге 4-5 күн уақыт үздіксіз жұмыс істеу керек. Осы себептерге орай мен қатты физикалық және психологиялық тұрғыдан шаршап, зардап кештім,- деді. Tims Productions-тың ресми мәлімдемесінде Мәриям Үзерлиді оған төленетін жалақының көлемі қанағаттандырмады делінген. Тағы да мәлім болғандай Үзерли бұл жайттан соң ендігі ары Түркияға қайтып оралудан бас тартқан.

Жеке өмірі

Біршама уақыт Мерием Үзерли Түркиялық кәсіпкер Джан Атешпен кездесіп жүрді, жұп тіпті аттастырылып қойғандығын жариялады. Бірақ-та 2013 жылдың тамыз айында олар айырылысып кетті. Тамыздың соңында Мерием өзінің төртінші ай жүкті екендігін ресми жариялады.

Фильмографиясы

жылыҚазақша атауыШынайы атауыСомдаған рөлі
2011-2013с«Ғажайып ғасыр»Muhtesem YüzyilХасеки Хүррем Сұлтан / Hürrem Sultan
2012фDas ist ja das Leben selbst!Анкел / Ankel
2011с«Екеуіне арналған іс»Ein Fall für zweiАнна/Anna
2011фJetzt aber BallettСаша Китано / Sasha Kitano
2011сNotruf Hafenkante
2010ф«Қайтымсыз сапар»Journey of No Returnстюардесса / Hostes
2010фLover's GuideМара / Mara
2010с«БФЖК: Біз футболды жақсы көреміз»WALF: We All Love FootballЛина / Lena
2010ф«Жолақ»The LineАнна / Anna
2009ф«Айдындағы жұлдыздар»Sterne über dem Eisстудент / Studentin
2009ф«Ессіз уик-енд»Das total verrückte Wochenendeжеңіл жүрісті қыз
2008с«Инга Линдстрөм»Inga LindströmБритта / Britta

Марапаттары

жылыМарапатыСанаты бойыншаФильм аты
201047 халықаралық «Алтын апельсин» кинофестиваліҚазылардың арнайы сыйы«Қайтымсыз сапар»
2011Кинокөрермендер Академиясының жүлдесі«Ең үздік басты әйел рөлі»«Ғажайып ғасыр»
2011«Алтын жылқы»«Үздік актриса»«Ғажайып ғасыр»
2011Телебағдарлама жұлдызы«Үздік актриса»«Ғажайып ғасыр»
201138-ші «Алтын көбелек» марапатыАрнайы телемарапат«Ғажайып ғасыр»
2012«GQ» ЖурналыЖыл әйелі
201239-шы «Алтын көбелек» марапатыЕң үздік драма актрисасы«Ғажайып ғасыр»
2012Ыстанбұл мәдениет университеті«Драма» санатындағы «Үздік актриса»«Ғажайып ғасыр»
2012Golden MDG AWARD«Драмалық рөл орындайтын ең үздік түрік актрисасы»«Ғажайып ғасыр»
2012«ЖЫЛДЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ӨКІЛДЕРІ» журналы«Үздік актриса»«Ғажайып ғасыр»
2012Журналистер Ассоциациясы журналы«Үздік актриса»«Ғажайып ғасыр»
2012Ыстанбұл жұлдыздар университеті«2012 жылғы телехикаялардағы ең сүйікті актриса»«Ғажайып ғасыр»
2013Ыстанбұл жұлдыздар университеті«2013 жылғы телехикаялардағы ең сүйікті актриса»«Ғажайып ғасыр»
201311 марапат «Жыл жұлдызы» жүлдегері2012 жылдағы ең үздік актриса«Ғажайып ғасыр»
2013Анталияның 4-ші телевизиялық марапатыТелехикаядағы үздік драмалық актриса«Ғажайып ғасыр»

Сілтемелер

  • Үлгі:Мерием Үзерли Internet Movie Database сайтында
  • Үлгі:Мерием Үзерлидің ресми сайты
Жоғары