Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Мәскеу облысы (ресми емес атауы — Мәскеу маңы) — Ресей Федерациясының Орталық федералдық округ құрамына кіретін субъектісі. Әкімшілік орталығы ресми түрде белгі

Мәскеу облысы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Ресей Федерациясының субъектісі

Мәскеу облысы
Московская область
орыс. Московская область

Московская область Ресей картасында

Әкімшілік орталығы

Мәскеу (іс жүзінде), Красногорск (облыс үкіметінің негізгі органдары орналасқан)

Жер аумағы

55-орын

Барлығы
% су беті

44 329 км² км²
2,1%

Жұрты

1-орын

Барлығы
Тығыздығы

8 591 736 (2025)

193,8 адам/км² адам/км²

Федералды округ

Орталық федералдық округ

Экономикалық аудан

Орталық экономикалық аудан

Мемлекеттік тілі

орыс тілі

Губернатор

Андрей Воробьёв

Үкімет төрағасы

Заң шығарушы орган

Мәскеу облыстық думасы

Әнұраны

Мәскеу облысының әнұраны

РФ субъектісінің коды

50

ISO 3166-2 бойынша коды

RU-MOS

Уақыт белдеуі

Ресми сайты:

https://mosreg.ru

Мәскеу облысы (ресми емес атауы — Мәскеу маңы) — Ресей Федерациясының Орталық федералдық округ құрамына кіретін субъектісі. Әкімшілік орталығы ресми түрде белгіленбеген, алайда іс жүзінде облыстың әкімшілік орталығы ретінде Мәскеу қаласы саналады. Облыс аумағына Мәскеу қаласы кірмейді. Халық саны бойынша Ресейдегі федерация субъектілері арасында Мәскеуден кейінгі екінші орында.

Облыс Шығыс Еуропа жазығының орталық бөлігінде, Еділ, Ока, Клязьма және Мәскеу өзендерінің алабында орналасқан. Солтүстік-батысында және солтүстігінде Тверь облысымен, солтүстік-шығысы мен шығысында Владимир облысымен, оңтүстік-шығысында Рязань облысымен, оңтүстігінде Тула облысымен, оңтүстік-батысында Калуга облысымен, батысында Смоленск облысымен, ал орталық бөлігінде федералдық маңызы бар Мәскеу қаласымен шектеседі. Сондай-ақ солтүстік бөлігінде Ярославль облысымен шағын шекарасы бар.

Мәскеу облысы 1929 жылғы 1 қазанда БОАК Президиумының 1929 жылғы 14 қаңтардағы қаулысына сәйкес құрылды. Оның құрамына бұрынғы Мәскеу, Тверь, Тула және Рязань губернияларының аумақтары енгізілді. Облыстың негізін 1708 жылы құрылған Мәскеу губерниясы құрады.

Алғашында жаңа әкімшілік бірлікке «Орталық өнеркәсіптік облыс» атауын беру жоспарланған болатын. Алайда БОАК Президиумының 1929 жылғы 3 маусымдағы қаулысымен оның атауы «Мәскеу облысы» болып өзгертілді. Облыс әкімшілік жағынан облыстық бағыныстағы 48 қаладан, облыстық бағыныстағы 3 кенттен және 5 жабық әкімшілік-аумақтық құрылымнан тұрады. Муниципалдық бөлінісі бойынша оның құрамына 42 қалалық округ пен 14 муниципалдық округ кіреді. Облыс атауын Мәскеу қаласынан алғанымен, Мәскеу Ресей Федерациясының жеке субъектісі болып табылады және облыс құрамына кірмейді. Мәскеу облысының мемлекеттік билік органдары Мәскеу қаласы мен Мәскеу облысының аумағында орналасқан. 2007 жылдан бастап атқарушы билік органдарының басым бөлігі Красногорск қаласындағы Мәскеу облысы Үкіметінің жаңа ғимаратына көшірілді.

Физикалық-географиялық сипаттамасы

Географиялық орны

Мәскеу облысы Ресей Федерациясының Орталық федералдық округінде, Шығыс Еуропа жазығының орталық бөлігінде орналасқан. Оның аумағы Еділ, Ока, Клязьма және Мәскеу өзендерінің су алаптарын қамтиды. Облыс солтүстіктен оңтүстікке қарай шамамен 310 км-ге, батыстан шығысқа қарай 340 км-ге созылып жатыр.

Жер бедері

Мәскеу облысының жер бедері негізінен жазық болып келеді. Батыс бөлігінде биіктігі 160 метрден асатын қыраттар орналасса, шығыс бөлігін кең ойпаттар алып жатыр. Облыс аумағын оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Мәскеу мұздануының шекарасы кесіп өтеді. Оның солтүстігінде мореналық жоталар мен мұздық-эрозиялық жер бедері кең таралған, ал оңтүстігінде негізінен эрозиялық бедер қалыптасқан. Қазіргі жер бедерінің қалыптасуында эрозиялық үдерістер басты рөл атқарады, ал карст, көшкін және эолдық үдерістердің әсері салыстырмалы түрде аз.

Жоғары