Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Нейтрофилді лейкоциттер (leucocyti neutrophilici, грек, leukos - ақ, kytos - жасуша; лат. neuter — бейтарап, грек, рһііео — жақсы көру) — цитоплазмасында дәншел

Нейтрофилді лейкоциттер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Нейтрофилді лейкоциттер (leucocyti neutrophilici, грек, leukos - ақ, kytos - жасуша; лат. neuter — бейтарап, грек, рһііео — жақсы көру) — цитоплазмасында дәншелері бейтарап (рһ=7,0) бояулармен боялған, жемірлік (фагоцитарлық) қасиеті күшті жетілген ақ қан жасушалары. Толық жетілген нейтрофилді лейкоциттер ядроларының пішіні сегментті болып келеді. Әрбір жасуша цитоплазмасындағы (50-ден 200-ге дейін) дәншелер Романовский-Гимза әдісімен қызғылт-көкшіл түске боялады. Құрылысы мен химиялық құрамына байланысты нейтрофилді лейкоциттер дәншелері: азурофилді және нейтрофилді дәншелер болып екі топқа бөлінеді.

Азурофилді дәншелер

Азурофилді дәншелердің мөлшері 0,4-0,8 мкм, олар нейтрофилді лейкоциттер дәншелерінің 10-20% құрайды. Бұлар біріншілік лизосомаларға жатады.Азурофилді дәншелердің құрамында гидролазалық ферменттер қышқыл фосфатазалар, b-глюкуронидазалар, қышқыл b-глицерофосфат дегидрогеназалар, қышқьш протеазалар, арилсульфатазалар болады.

Нейтрофилді дәншелер

Нейтрофилді дәншелердің мөлшері 0,1- 0,3 мкм, лейкоцит дәншелерінің 80-90% түзеді. Нейтрофилді дәншелер құрамына сілтілі фосфатазалар, фагоцитиндер, лактоферин, лизоцим, аминопептидазалар кіреді. Бөгде заттарға, мысалы, бактерияларға алдымен нейтрофильді дәншелер әсер етеді. Олар лейкоцит цитоплазмасында бөгде затпен қосылып, фагосома түзеді. Одан кейінгі екінші кезенде, фагосомаға азурофилді дәншелер әсер етеді де, фаголизосомалар түзіледі. Гидролаза ферменттері бөгде затты ерітіп жояды. Нейтрофильді лейкоциттер организмдегі фагоцитоз процесін іс жүзіне асырады.

Жоғары