Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

[[Джеральд Форд]]"},"Ізбасары":{"wt":"[[Уолтер Мондейл]]"},"Титулы_2":{"wt":"[[Нью-Йорк губернаторы]]"},"Ту_2":{"wt":"Privy Seal of New York.svg"},"Ту2_2":{"wt"

Нельсон Рокфеллер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Нельсон Рокфеллер
Нельсон Рокфеллер
Лауазымы
Ту
Ту
АҚШ вице-президенті
Ту
Ту
19 желтоқсан 1974  20 қаңтар 1977
Президент Джеральд Форд
Ізашары лауазым бос болды (9 тамыз 1974 — 19 желтоқсан 1974)
Джеральд Форд
Ізбасары Уолтер Мондейл
Ту
Ту
Нью-Йорк губернаторы
Ту
Ту
1 қаңтар 1959  18 желтоқсан 1973
Ізашары Аверелл Гарриман
Ізбасары Малколм Уилсон
Өмірбаяны
Партиясы Республикалық партия
Білімі Дартмут колледжі
Мамандығы экономист, банкир
Діні баптизм
Дүниеге келуі 8 шілде 1908 (1908-07-08)
Бар-Харбор, Ханкок округі, Мэн, АҚШ
Қайтыс болуы 26 қаңтар 1979 (1979-01-26)(70 жас)
Нью-Йорк, Нью-Йорк, АҚШ
Жерленді Сонная лощина зираты
Әкесі Джон Дэвисон Рокфеллер кіші
Анасы Эбигейл Олдрич Рокфеллер
Жұбайы Мэри Тодхантер Кларк (1930–1962)
Маргарита Лардж «Хэппи» Мёрфи (1963 жылдан)
Балалары Родман Рокфеллер, Стивен Кларк Рокфеллер, Майкл Рокфеллер, Нельсон Рокфеллер кіші, Марк Рокфеллер, Энн Рокфеллер, Мэри Рокфеллер
Қолтаңбасы Қолтаңбасы

Нельсон Олдрич Рокфеллер (ағылш. Nelson Aldrich Rockefeller; 8 шілде 1908, Бар-Харбор, Мэн, АҚШ – 26 қаңтар 1979, Нью-Йорк, АҚШ) — америкалық кәсіпкер, миллиардер, мемлекет және саяси қайраткер, АҚШ-тың Республикалық партиядан сайланған 41-вице-президенті (1974–1977).

Ол атауы байлықтың символына айналған Американың ең дәулетті әулеттерінің бірі — Рокфеллерлер әулетінің өкілі әрі мұнай магнаты Джон Дэвисон Рокфеллердің немересі болды. Ол Дэвид Рокфеллердің және 1967–1971 жылдары Арканзас губернаторы болған Уинтроп О. Рокфеллердің ағасы еді.

АҚШ Республикалық партиясының мүшесі. 1959–1973 жылдары Нью-Йорк штатының губернаторы болды. Франклин Рузвельт пен Гарри Трумэн әкімшіліктері кезінде мемлекеттік хатшының көмекшісі (1944–1945), ал Дуайт Эйзенхауэр әкімшілігі кезінде денсаулық сақтау министрінің орынбасары (1953–1954) қызметтерін атқарды.

Өмірбаяны

Ерте өмірі

Рокфеллер 1908 жылғы 8 шілдеде Мэн штатындағы Бар-Харборда дүниеге келді. Ол анасы жағынан атасы Нельсон У. Олдричтің құрметіне Нельсон Олдрич деп аталды. Ол қаржыгер әрі филантроп Джон Дэвисон Рокфеллердің (кіші) және филантроп әрі қоғам қайраткері Эбигейл «Эбби» Олдричтің екінші ұлы әрі үшінші баласы болды. Оның өзінен үлкен әпкесі Эбби мен ағасы III Джон, сондай-ақ өзінен кіші үш інісі — Лоренс, Уинтроп және Дэвид болды. Олардың әкесі Джон (кіші) Standard Oil компаниясының негізін қалаушылардың бірі Джон Д. Рокфеллер мен мектеп мұғалімі Лаура Спелманның жалғыз ұлы еді.

Мектепте Нельсон нашар оқыды. Әдетте ол сыныбындағы үлгерімі ең төменгі үштіктің қатарында болды, тоғызыншы сыныпта қалып қоя жаздады және анықталмаған дислексиядан зардап шекті. Нельсон Принстон университетіне қабылданбағанымен, Дартмут колледжіне түсті. Ол колледж қалашығына 1926 жылы келді. Колледжде оқып жүрген кезінде ол Мэн штатындағы жазғы демалыс үйінде Мэри Тодхантер Кларкпен танысып, екеуі бір-бірін ұнатып қалды. Олар 1929 жылдың күзінде сөз байласты. 1930 жылы ол Дартмут колледжін үздік тәмамдап, экономика мамандығы бойынша өнер бакалавры дәрежесін алды. Рокфеллер мен Мэри оның оқуын аяқтағаннан кейін, 1930 жылғы 23 маусымда Пенсильвания штатындағы Бала-Синвидте некеге тұрды.

1930-жылдардың басында ол Нью-Йорк, Париж және Лондон банктерінде жұмыс істеді. Сол кезеңде әкесінің өтінішімен, кейінірек сәулет өнеріне деген қызығушылығының әсерімен, ол Нью-Йорктегі Рокфеллер орталығын салу ісіне белсене араласты. 1933 жылы ол Рокфеллер орталығының қабырға суретін салуды солшыл көзқарастарымен танымал мексикалық суретші Диего Ривераға тапсырды. Алайда жұмыс аяқталғаннан кейін Риверадан суреттен кеңестік көшбасшы Владимир Лениннің бейнесін алып тастауды сұрады, өйткені оның тұлғасы АҚШ-та әртүрлі пікір туғызатын. Суретші бұдан бас тартқан соң, Ривера мен Рокфеллер арасында жанжал туындады. Ривераға келісілген қаламақысын төлегеннен кейін Рокфеллер оны жұмыстан шығарып, оның туындысын толықтай жойдырды. Жас Рокфеллердің «Бұл — менің қабырғам!» деген сөзі АҚШ-та қанатты сөзге айналды. Бұл оқиға АҚШ-та және басқа елдерде кеңінен жарияланып, бұқаралық ақпарат құралдарында қызу талқыланды. Сондай-ақ бұл тарих «Бесік тербеледі» (1999) және «Фрида» (2002) фильмдерінде көрініс тапқан.

Саяси мансабы

Рокфеллер 1940-жылдардан бастап саясатпен айналысты және АҚШ Республикалық партиясының мүшесі болды. Демократтар Франклин Рузвельт пен Гарри Трумэннің әкімшіліктері кезінде әртүрлі үкіметтік комиссиялардың құрамында жұмыс істеді, ал 1951–1952 жылдары халықаралық даму мәселелері жөніндегі консультативтік кеңестің төрағасы болды. Республикашы Дуайт Эйзенхауэр әкімшілігінде министрдің орынбасары қызметін атқарды.

1954–1955 жылдары Эйзенхауэрдің сыртқы саясат мәселелері жөніндегі арнайы көмекшісі болды. 1959 жылдан 1973 жылға дейін Нью-Йорк штатының губернаторы қызметін атқарды. Ол либерал әрі Республикалық партияның қалыпты қанатының жетекшілерінің бірі ретінде танылды. Нельсон Рокфеллер Республикалық партиядан АҚШ президенттігіне үміткер болуға үш рет талпынды, алайда әр жолы сәтсіздікке ұшырады (1960, 1964 және 1968 жылдары).

АҚШ вице-президенті

Нельсон Рокфеллер мен АҚШ президенті Джимми Картер, 1977 жылғы қазан

Ричард Никсон 1974 жылы қызметінен кеткеннен кейін президент болып сол кездегі вице-президент Джеральд Форд тағайындалды. Фордтың өзі вице-президент қызметіне бұған дейін сайланған Спиро Агню Никсоннан бұрын отставкаға кетуге мәжбүр болғандықтан келген еді. АҚШ Конституциясына енгізілген 25-түзетуге сәйкес бос қалған вице-президент лауазымына президенттің ұсынуымен Конгресс жаңа кандидатураны бекітуге тиіс болатын. Форд ұзақ уақыт бойы елдегі ең ірі штаттың тиімді губернаторы болған Рокфеллерді таңдады. Өкілдер палатасы мен Сенат мүшелері кандидаттың саяси қабілеттерінен гөрі, оның қаржы элитасымен байланысы мен орасан зор жеке байлығы қызметіне әсер етпей ме деген мәселеге көбірек назар аударды. Ұзаққа созылған пікірталастардан кейін Өкілдер палатасы мен Сенат 1974 жылғы 19 желтоқсанда Рокфеллерді АҚШ вице-президенті қызметіне бекітті. Осылайша ол Фордтан кейін АҚШ Конституциясының 25-түзетуіне сәйкес қызметіне кіріскен екінші әрі әзірге соңғы вице-президент болды.

Рокфеллер Вашингтондағы вице-президент резиденциясын өз қаражатына сәндеп, қымбат жиһаздармен жабдықтады. Алайда оның өзі бұл резиденцияда тұрмады, өйткені Вашингтонда өз үйі бар еді. Қызметінен кеткен кезде ол резиденциядағы барлық мүлікті мемлекет меншігіне қалдырды. Кейінгі барлық вице-президенттер сол жиһаздар мен жабдықтарды пайдаланып келеді. 1976 жылғы 16 қыркүйекте көпшілік алдында сөйлеген сөздерінің бірінде жиналған хиппилер Рокфеллерді келемеждей бастады. Бұған ашуланған ол оларға ортаңғы саусағын көрсетті. Бұл сәт әйгілі фотосуретке түсіріліп, кеңінен танымал болды.

1975 жылғы 3 қарашада Рокфеллер Фордқа өзінің вице-президенттік қызметін уақытша міндет ретінде қарастыратынын және 1976 жылғы сайлауда онымен бірге кандидат ретінде түспейтінін хабарлады. 1976 жылғы президент сайлауында Фордтың вице-президенттікке кандидат серіктесі белгілі республикашы Боб Доул болды. Кейінірек ол 1996 жылғы президент сайлауында да АҚШ президенті болуға талпынып, алайда жеңіліске ұшырады. Дегенмен, 1976 жылғы сайлауда Форд — Доул жұбы демократтардың Джимми Картер — Уолтер Мондейл жұбынан жеңіліп қалды.

Рокфеллер Бильдерберг клубының тұрақты мүшесі болды.

Сондай-ақ ол Нью-Йорктегі Примитивті өнер музейінің негізін қалаушы болды.

Қайтыс болуы

Нельсон Рокфеллер қызметінен кеткеннен кейін екі жыл өткен соң, 1979 жылғы 26 қаңтарда Нью-Йоркте жүрек талмасынан қайтыс болды. Ол қайтыс болған кезде оның жанында вице-президент аппаратының бұрынғы қызметкері, 25 жастағы Меган Маршак болған. Рокфеллердің өлімінен кейін Маршак оның көңілдесі болған деген қауесеттер тарады. Сондай-ақ Нельсонның жүрек талмасы жыныстық қатынас кезінде болған деген болжамдар да айтылды.

Мәдениетте

«Фрида» фильмінде Нельсон Рокфеллердің рөлін Эдвард Нортон сомдады.

Жеке өмірі

Отбасы

1930 жылы Мэри Тодхантер Кларкқа (1907—1999) үйленді. Ерлі-зайыптылар 1962 жылы ажырасты.

Олардың балалары:

  • Родман Рокфеллер (1932–2000)
  • Энн Рокфеллер
  • Стивен Кларк Рокфеллер (1936 жылы туған)
  • Егіздер Мэри Рокфеллер мен Майкл Рокфеллер. Майкл этнограф әрі антрополог болды. Ол 1961 жылы Жаңа Гвинеяда ғылыми экспедиция кезінде хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Нұсқалардың біріне сәйкес, оны каннибалдар жеп қойған. Майкл жоғалған кезде 23 жаста еді.

1963 жылы Маргарита Лардж «Хэппи» Мёрфиге (1926–2015; туған кездегі тегі — Фитлер) үйленді.

Бұл некеден:

  • Нельсон Рокфеллер (кіші) (1964 жылы туған)
  • Марк Рокфеллер (1967 жылы туған)

Діні

Жастайынан Оңтүстік баптистер конвенциясының мүшесі болды.

Әдебиет

  • Нельсон Рокфеллер  (орыс.) // Новое время. — М. - 1974 ж.. — № 50. — б. 17.
Жоғары