Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Нивальды белдеу, нивалдық белдеу, нивалдық-гляциалдық белдеу (лат. nіvalіs – қарлы, суық), көп жылдық қар белдеуі (мәңгі қар мен мұз белдеуі) – таудағы ең жоғар

Нивальды белдеу

  • Басты бет
  • Нивальды белдеу

Нивальды белдеу, нивалдық белдеу, нивалдық-гляциалдық белдеу (лат. nіvalіs – қарлы, суық), көп жылдық қар белдеуі (мәңгі қар мен мұз белдеуі) – таудағы ең жоғарғы табиғи белдеу; мәңгі қарлар мен мұздықтар белдеуі; қар сызығынан жоғары орналасқан таулардағы, сондай-ақ полюс атыраптарындағы нивальдық климатты ең жоғары биіктік белдеу. Қар шекарасынан жоғары жатады. Нивальды белдеудің төменгі шекарасы полюстік аймақта: Антарктида мен Гренландияда теңіз деңгейіне ұштасады, Орталық Азияның Гималай, Гандисышань, Памир, тағы басқа тау жоталарында және Оңтүстік Америкадағы Анд тауларында 6500 м биіктіктен өтеді. Қатты түрде түсетін жылдық жауын-шашын мөлшері олардың еру және булану мөлшерінен артық. Мұздықтар мен қар алаңы көбіне беткейдің көлеңкелі жағында пайда болады. Тау беткейінің тік жерлерінде қар көшкіні жиі болып, беткей жыныстарының физикалық үгілулері қарқынды жүреді. Өсімдік дүниесі өте кедей: Нивальды белдеуде мүк пен қына ғана өседі.

A.
Нивальды белдеу жері.

Сілтемелер

  • Нивальды климат
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Қор нарығы

  • Сәуір 06, 2026

    Өрмекші тәрізділер

  • Наурыз 21, 2026

    Агрегаттық күй

  • Сәуір 04, 2026

    Тарбағатай тауы

  • Сәуір 06, 2026

    Парламенттік республика

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары