| Низам әл-Мүлік парс. ابوعلی حسن پسر علی پسر اسحاق طوسی | ||
| Лауазымы | ||
|---|---|---|
| ||
| 1063 — 1096 | ||
| Өмірбаяны | ||
| Діні | ислам | |
| Дүниеге келуі | 1018 немесе 1019/1020 Радкан, Тусқа жақын жер | |
| Қайтыс болуы | 14 қазан 1092 Сахна, Нихавендке жақын жер | |
| Туған кездегі есімі | Әбу Әли әл-Хасан ибн Әли ибн Исхак ат-Туси | |
| Балалары | Ахмет Фахр әл-Мүлік | |
| өңдеу | ||
Низам әл-Мүлік, Әбу Әли әл-Хасан ибн Әли ибн Исхак ат-Туси (Қазан, 1017/18, Хорасан, Тус қаласы – 14.10.1092, Нехавенд маңы) – орта ғасырдағы саяси қайраткер, ғалым. Салжұқ мемлекетінде 1063 жылдан Алп Арсланның, 1072 жылдан Мәлік шахтың уәзірі болған. Бір орталыққа бағындырылған күшті өкіметті жақтаған Низам әл-Мүлік “елде тәртіп орнатушы” атанды. Низам әл-Мүлік Бағдадта діни-заң мектебін ашты. Ол өз көзқарасын “Сиясет-наме” (басқа атауы “Сират ал-мулук”) атты 51 тараудан тұратын еңбегінде баяндаған. Мұнда 11 ғасырдағы Орталық Азия тарихына қатысты маңызды мәліметтер кездеседі. Шығарма парсы, француз, орыс, неміс, ағылшын тілдеріне аударылып, бірнеше рет жарық көрген.
Шығармалары
- Сиасет-намэ. Книга о правлении везира 11 столетия Низам аль-Мулька, М.–Л., 1949;
- Источники и история народов Узбекистана древние и средневековье, Таш., 1991.
- 14 қазанда қайтыс болғандар
- 1092 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 1018 жылы туғандар
- Иран ғалымдары