Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Нысанбай жырау Жаманқұлұлы (1822-1883) - 1822 жылы Қызылорда облысының Жалағаш ауданында туып, сонда 1883 жылы қайтыс болған. Атақты қазақ ақын жырауы.

Нысанбай жырау

  • Басты бет
  • Нысанбай жырау

Нысанбай жырау Жаманқұлұлы (1822-1883) - 1822 жылы Қызылорда облысының Жалағаш ауданында туып, сонда 1883 жылы қайтыс болған. Атақты қазақ ақын жырауы.

Жетіру тайпасының Керейіт руының Ашамайлы бөлімінен шыққан.

Тарихи тақырыптағы Кенесары – Наурызбай дастанын жазған. Бұл шығарма алғаш рет 1875 ж. "Записки Оренбургского отдела императорского русского географического общества" журналында жарияланды. Нысанбай жырау Жаманқұлұлы (1822, Сыр бойы – 1883, қазіргі Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққошқар мекені) – Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің жыршысы. Нысанбай жырау көтеріліске бастан-аяқ қатысып, көрген-білгенін жырға қосқан. “Кенесары – Наурызбай” атты көлемді дастанында көтеріліс басшыларын батырлар жыры дәстүрінде бейнелеп, заман шындығын отарлық езгіге қарсы көтерілген халық үнімен шебер қиюластыра білді. Жырда Кенесарының қырғыздарға жасаған жорығы, оның қаза табуы мазмұндалған. Дастан халық арасына кең тараған, алғаш 1875 жылы С.Жантөрин мен Т.Сейдалиннің аудармасымен “Записки Оренбургского отдела императорского русского географического общества” журналында орыс әліпбиімен қазақ тілінде басылды. Шығарманы 1912 жылы Қазан қаласында ЖЫЛЫ Шайхысыламұлы жеке кітап етіп бастырды, 1923 жылы Ташкентте Х.Досмұхамедұлының, 1924 жылы Н.Төреқұловтың алғысөздерімен кітап болып шықты. 1996 жылы “Қазақ халық әдебиеті” атты көп томдықтың 17-кітабында жарық көрді. Нысанбай жыраудың шығарм. жолын Х.Досмұхамедұлы, Е.Ысмайылов, І.Жұмалиев, Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Т.Тебегенов, т.б. зерттеді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Фосфор қышқылы

  • Сәуір 03, 2026

    Құрылтай жиналысы

  • Наурыз 11, 2026

    Түркия

  • Наурыз 12, 2026

    Алаш партиясы

  • Наурыз 12, 2026

    Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары