Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Ню-метал (ағылш. nu metal кейде nü-metal деп те жазылады) — бұл хеви-метал музыкасының элементтерін хип-хоп, фанк, индастриал және гранж сияқты басқа да музыкал

Ню метал

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Ню-метал
Бағыт

Альтернативті метал

Бастаулары

рэп-метал • фанк-метал • грув-метал • индастриал-метал • гранж • битдаун хардкор

Пайда болған уақыты мен жері

1990 жж • Калифорния, АҚШ

Өркендеу жылдары

1990 жж аяғы — 2000 жж

Ұқсас жанрлар

Пост-гранж • Америкалық ауыр металдың жаңа толқыны

Туыстас жанрлар

Нью-гейз • Ню-металкор

Туынды жанрлар

Эмо-рэп • Трэп-метал • Гиперпоп

Сыртқы медиафайлдар
Ню-метал мысалдары
Korn - Freak on a Leash
Limp Bizkit - Rollin'
Slipknot - Before I Forget
Deftones - My Own Summer
Linkin Park - One Step Closer
System Of A Down - Toxicity

Ню-метал (ағылш. nu metal кейде nü-metal деп те жазылады) — бұл хеви-метал музыкасының элементтерін хип-хоп, фанк, индастриал және гранж сияқты басқа да музыкалық жанрлардың элементтерімен ұштастыратын альтернативті металдың субжанры. Ню-металда гитаралық сололар немесе басқа да музыкалық техника ерекшеліктері сирек кездеседі, мұнда көбінесе ырқы мен қатаң синкопаланған аспаптар үніне басымдық беріледі. Ню-метал гитаристері ауыр дыбыс шығару үшін көбінесе жеті ішекті гитараларды қолданады және оларды төменгі гитаралық күйге келтіруге түсіреді. Вокал стилі көбінесе ырғақты келіп, хип-хоп әсеріне негізделеді, сонымен қатар ол ән айтуды, рэп оқуды, айқайлауды және кейде гроулингті қамтиды. Кей жағдайларда семплирлеу, винил пластинкаларын скретчингтеу және электронды музыкалық аспаптардың сүйемелдеуін қамтамасыз ету үшін диджейлер қатысады. Ню-метал — америкалық ауыр металдың жаңа толқынының негізгі жанрларының бірі.

1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында Pantera, Helmet және Faith No More сияқты топтар өздерінің грув-метал және альтернативті металл стильдерімен ню-металдың дамуына зор ықпал етті. Korn тобы 1990 жылдардың ортасында өздерінің аттас дебюттік альбомымен бұл субжанрдың негізін қалаушылардың бірі болып есептеледі. Ню-метал 1990 жылдардың аяғында танымал бола бастады, бұл кезде Korn, Limp Bizkit және Slipknot сияқты топтар миллиондаған тиражбен сатылған альбомдар шығарды.

Оның танымалдылығы 2000 жылдардың басында да жалғасып, Papa Roach, Staind және P.O.D. сияқты топтар мультиплатиналық альбомдар сатты. Ню-металдың танымалдылығы 2001 жылы Linkin Park тобының алмазды мәртебеге жеткен «Hybrid Theory» дебюттік альбомымен шыңына жетті. Алайда 2000 жылдардың ортасына қарай топтардың шамадан тыс көбеюі және бірнеше танымал релиздердің сәтсіз шығуы бұл субжанрдың құлдырай бастағанын көрсетті. Көптеген ню-метал топтары тарап кетті немесе басқа жанрларға бет бұрып, дыбыстарын өзгертті. Металкор және эмо сияқты жанрлар танымалдылық бойынша ню-металды басып озды.

2010 жылдар ню-металдың қайта өрлеу дәуірін әкелді; оны басқа жанрлармен (мысалы, металкор және деткор) ұштастырған көптеген топтар пайда болды, ал 1990 және 2000 жылдардың басындағы кейбір ню-метал топтары өздерінің бұрынғы дыбысына қайта оралды. Of Mice & Men, Emmure, Issues, My Ticket Home, Bring Me the Horizon және Motionless in White сияқты топтар ню-металды металкормен немесе деткормен біріктірді. Grimes, Poppy және Rina Sawayama сияқты әртістер 2010 жылдардың аяғы мен 2020 жылдардың басында ню-метал дыбыстарын электронды поп-музыкамен ұштастырды, ал 2020 жылдардың басында ню-металға деген қызығушылық қайта артты.

Loudwire тұжырымы бойынша үздік альбомдар

2026 жылдың 1 қаңтарында америкалық Loudwire онлайн-журналы барлық замандардың ең үздік 50 ню-метал альбомының тізімін жариялады. 1-ші мен 10-орын аралығын төмендегі альбомдар өзара бөлісті:

  1. Korn — Korn (1994)
  2. System of a Down — Toxicity (2001)
  3. Linkin Park — Hybrid Theory (2000)
  4. Slipknot — Iowa (2001)
  5. Deftones — White Pony (2000)
  6. Linkin Park — Meteora (2003)
  7. Slipknot — Slipknot (1999)
  8. System of a Down — System of a Down (1998)
  9. Korn — Follow the Leader (1998)
  10. Disturbed — The Sickness (2000)
Жоғары