| Нүкіс ауданы | |
| қарақ. Nókis rayonı, Нөкис районы | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Кіреді | Қарақалпақстан |
| Әкімш.орт. | Ақмаңғыт |
| Хәкім | Өмірбай Аманбайұлы Өснатдинов |
| Тарихы мен географиясы | |
| Құрылған уақыты | 1968 жылы |
| Жер аумағы | 943,91 км² |
| Биіктігі · Ең биік |
|
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 51 900 адам (2022) |
| Тығыздығы | 55 адам/км² |
| Ұлттық құрамы | қарақалпақтар, қазақтар, өзбектер |
| Автомобиль коды | 95 |
|
| |
Нүкіс ауданы (қарақ. Nókis rayonı, Нөкис районы, өзб. Nukus tumani, Нукус тумани) — Өзбекстан, Қарақалпақстандағы әкімшілік бірлік. Әкімшілік орталығы – Ақмаңғыт кенті.
Тарихы
Аудан 1968 жылы 25 желтоқсанда құрылды.
Тұрғындары
Ресми деректер бойынша 2018 жылы аудан халқының саны 54 491 адамды құрады. Ұлттық құрамы бойынша қарақалпақтар – 60,8%, қазақтар – 30%, өзбектер – 8,7%, басқа ұлт өкілдері – 0,5% құрады.
Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша аудан құрамына кіреді:
- қалалық елді мекен
- Ақмаңғыт
- азаматтардың ауылдық жиындары
- Арбашы
- Бақаншақты
- Кердер
- Қырантау
- Саманбай
- Тақыркөл
Білім беру
Ауданда 3 колледж, 33 жалпы білім беру мектебі, 1 балалар музыка және өнер мектебі, 11 балабақша, 2 ақпараттық ресурстық орталық бар.
Көрікті жерлері
Хайуанқала – Кердер иелігінің орталығы. Нүкіс ауданында, Шортанбай өзенінің ескі саласының сол жағында орналасқан. Қазіргі таңда аумақты «Кердер» атты шаруа қожалығы алып жатыр.
Тоққала (Дарсан) — қалашық Тоқтаудың шағын табиғи төбеде орналасқан. Жалпы аумағы 8 гектарды құрайды. Ескерткіш 3 бөліктен – көне, ерте ортағасырлық және қорымнан тұрады.
- Қарақалпақстан аудандары
