Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Нұрлан Әлтайұлы Өнербаев (1961 жылы 4 қарашада Түркістан облысы, Төле би ауданындағы Қазақстан ауылында туған) — әнші, актер, мемлекет және қоғам қайраткері. Қа

Нұрлан Өнербаев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Нұрлан Әлтайұлы Өнербаев
Сурет
Негізгі ақпарат
Туған күні

4 қараша 1961 (1961-11-04)(64 жас)

Туған жері

Түркістан облысы
Төле би ауданы

Мемлекет

 КСРО
 Қазақ КСР
 Қазақстан

Мамандығы

әнші, актёр
қоғам және мемлекет қайраткері

Аспаптары

гитара

Ұжымдары

Қазақ радиосы
Қазақстан Республикасының Президенттік оркесторы

Марапаттары
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі

Нұрлан Әлтайұлы Өнербаев (1961 жылы 4 қарашада Түркістан облысы, Төле би ауданындағы Қазақстан ауылында туған) — әнші, актер, мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1995). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2008). Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері (1995).

Білімі

Дулат тайпасының Жаныс руынан.

  • 1978 -1980 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры жанындағы актерлер студиясын бітірді.
  • 2000 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Заң факультетінің "заңгер-құқықтанушы" мамандығы бойынша дипломын алды.

Толығырақ

  • Нұрлан Әлтайлы 1961 жылы 4 қарашада Түркістан облысы, Төле би ауданындағы Қазақстан ауылында дүниеге келген.
  • 1980 - 1991 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері болды.
  • 1990 - 1998 жылдары Қазақ радиосының директоры.
  • 1996 - 1998 жылдары «Хабар» агенттігінде аудармашы, дубляж бөлімінің жетекшісі.
  • 1998 - 2002 жылдары Қазақстан Президентттік оркесторының әншісі.
  • 2001 - 2006 жылдары Қазақстан ұлттық телеарнасының бас директорының орынбасары.
  • 2007 - 2008 жылдары Алматы қаласының мәдениет басқармасының басшысы.
  • 2008 - 2011 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің 4 шақырылым депутаты болды.
  • 2011 жылдан бері шығармашылықта.

Шығармашылығы

Нұрлан Өнербаевтың үлкен сахнадағы әншілік, орындаушылық өнер жолы 1986 жылдардан бастау алады. Ол «Сағыныш», «Анашым», «Әке арманы», «Қазақ қызы», «Сұлулық», «Ауылым», «Туған күн», «Сағындым ауылды», «Жан аға», «Махаббат көктемі», «Қарағым-ай», «Аққуым», «Таңғы тілек», «Ақ тілек», «Ай да, күн де» әндерін, сондай-ақ халық әндерінен «Дударай», «Сандуғаш», «Бір бидай арпа», «Үкілі кәмшат», «Ой көк», «Беу, айдай», «Бипыл» әндерін орындап жүр. Өнер сапарымен, концерттік бағдарламамен Түркия, Италия, Франция, Жапония, Чехия, Словакия, Марокко, Қытай, Германия, Моңғолия елдерінде болды. «Сұлулық», «Жан аға» атты аудио кассеталары мен «Қарағым-ай» және бірнеше үнтаспалары шыққан.

Мемлекеттік марапаттары

  • 1993 жылы Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері
  • 1995 жылы ҚР Үкіметінің "ДАРЫН" мемлекеттік жастар сыйлығының иегері
  • 1995 жылы елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі" құрметті атағымен марапатталды
  • 1998 жылы "Астана" медалі
  • 2001 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі
  • 2008 жылы "Астанаға 10 жыл" медалі
  • 2008 жылы елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды
  • 2011 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл" медалі
  • 2016 жылы "Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл" медалі және т.б медалдармен марапатталған.
  • ҚР тұңғыш президенті - елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке "Алтын Барыс" алтын төсбелгісімен және де алғыс хатымен марапатталған.
  • 2024 жылы Республика күніне орай 1-дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды.
Жоғары